Өскемендік жұмысшы опырылған топырақтың астында қалды

Өскемендік жұмысшы опырылған топырақтың астында қалды

57
(Жаңартылды 14:15 31.05.2018)
Үйіндінің ауыр болғаны соншалық, астындағы адамның тыныс алуы қиынға соққан

АСТАНА, 30 мамыр — Sputnik.  Өскеменде арық қазып жатқан жұмысшы үйінді астында қалып қойды, деп хабарлайды Алтайньюс. 

Бажов көшесінің бойында арық қазып жатқан жұмысшы кенет опырылған дымқыл топырақтың астында қалып қойған. Бұл кезде оның қасында үш әріптесі болған. Жұмысшылар дер кезінде құтқарушыларды шақырып үлгерген.

Арықтың тереңдігі 2 метр болғанына қарамастан, басын топырақ баспаған. Куәгерлер үйіндінің ауыр болғаны соншалық, уақыт өткен сайын астындағы адамның тыныс алуы қиынға соққанын айтады. Шығыс өңірлік аэроұтқыр құтқару жасағының мамандары оны күрекпен аршып алған.

"Құтқару жұмыстары 1 сағатқа созылды. Ең бастысы, ол естен танған жоқ, бізбен сөйлесіп жатты", — дейді құтқару жасағының басшысы Сергей Голубев.

Зардап шегуші үйінді астынан шығарылған бетте жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Оның денесінен ешбір сынық пен жарақаттың белгісі байқалмағанымен, толық зерттеуден өткізу үшін ауруханаға жатқызылды.


57
Жандарбек Бекшин

Бекшин Алматыда енгізілген шектеу шараларын түсіндірді

316
Қазір қалада адамдар кәсіпкерлердің үйін жалға алып жатыр. Ұжым болып жиналып, карантин режимін бұзатындар көбейген

АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 1 маусымда қабылданған қаулыдағы шектеу шараларын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қаулыға сәйкес, қала аумағанда топ болып жиналуға тыйым салынады.

"Қала алаңдарында, аумағында адамдардың топ болып жүруіне шектеу қойып жатырмыз. Қазір адамдар жеке үйлерді, кәсіпкерлердің үйін жалға алып жатыр. Ұжым болып жиналып, карантин режимін бұзатындар көбейді. Сол себепті осындай шешім қабылдадық", - деді ол.

Сонымен қатар баланы балабақшадан алып қайтуға егде жастағы кісілерді жібермеуге қатысты ұсынысын түсіндірді.

"60-65 жастан асқан кісілер инфекцияны тез жұқтыратын қауіпті топқа кіреді. Ең бірінші талап – оларды оқшаулау. Үлкендер бұл талапты қатаң сақтап келгендіктен науқастар арасында олардың саны көп емес. Жастардың үлесі – 41%,  үлкендердің үлесі жеті процентке жетпейді. Үлкендерге қарым-қатынасты азайту керек", - деді ол.

Қаланың бас санитар дәрігері мемлекеттік балабақшаны ашу туралы мәселе 15 маусымға дейін көтерілмейтінін айтты.  

Сонымен қатар ашық бассейн мен жағажайдың жұмысына рұқсат беру мәселесі де 15 маусымнан кейін қаралатынын жеткізді.

Оқи отырыңыз: Алматыда карантин шарасы күшейтіледі 

"Бізде күн ыстық, көбіне судың сапасы қажетті бактериологиялық және паразитологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмейтінін көпжылдық талдау көрсетіп отыр. Сол себепті шомылу аймақтарын ашу мәселесін қарастырмаймыз. Оларды 1 маусымнан бастап ашу жөнінде бірқатар ұсыныс түсті, алайда бұл мәселені 15 маусымнан кейін қарастырамыз", - деді Бекшин.

Ол қаладағы спорт кешендерінде бассейн ашық екенін, ал Алматыдағы су қоймаларының сапасы сын көтермейтінін алға тартты.

316
Кілт сөздер:
Алматы, Жандарбек Бекшин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Қазақстанда карантин кезінде балалар суициді жиілеген
Бекшин Алматыда қызметі тоқтатылған нысандарды атады
Әскерге шақырылғандар он төрт күнге карантинге алынады 
Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме
Блок бекетте шын мәнінде не болғаны жұртқа жария етіледі – полиция бастығы
Архивтегі фото

Алматыда карантин шарасы күшейтіледі

65
(Жаңартылды 16:56 03.06.2020)
Жандарбек Бекшин карантин режимі күшейтілгендіктен, саябақтарда сауда нысандары, аттракциондар жұмыс істемейтінін айтты  

АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Алматыда карантин режимі  күшейтіледі. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қалада 2 715 адамнан коронавирус табылды, оның ішінде 1 627 адам жазылды. Сол себепті карантин жалғасады және күшейтіледі. Бассейн, жағажай, саябақтар мен гүлзарлардағы түрлі аттракциондар ашылмайды. Егде жастағы адамдар баратын шипажайлар, мәдениет нысандары, ойын-сауық ғимаратында орналасқан кинотеатрлар, фуд-корттар, балалар алаңдары жабық тұрады", - деді Бекшин брифингте.

Оқи отырыңыз: Бекшин Алматыда қызметі тоқтатылған нысандарды атады 

Сонымен қатар карантин талаптарын жиі бұзатын нысандар қайтадан жабылуы мүмкін. Нысандардың жұмысына талдау жасалып жатыр, деді ол.

Бекшин карантин режимін күшейту бойынша басқа да шаралар қабылданатынын айтты.

"Саябақта үш адамнан артық серуендеуге болмайды, бұл отбасы мүшелеріне қатысты емес. Қазір карантин режимі күшейтілгендіктен, саябақтарда сауда нысандары, аттракциондар жұмыс істемейді", - деді ол.

Сонымен қатар бас санитар дәрігер мектептерде аттестат тапсыру кезіндегі санитарлық нормалар жайлы айтып өтті.

"Ең алдымен бұл іс-шара 40-50 минут арасында өтеді, тек бір сынып қана жиналады. Жиналғандар саны 60 адамнан аспайды. Тізім бойынша өткізіп жатқан іс-шара арасында үзіліс бір сағатқа созылады. 60 минут ішінде оқушылар мен ата-аналар шоғырланбай, қуаныштарымен бөлісіп, маңызды іс-шара аяқталады", - деді ол.

Екіншіден, қатысушылар медициналық маска тағады, деп толықтырды Бекшин.

Бекшин брифинг барысында мемлекеттік балабақшаларды ашу мәселесі қашан қаралатынын айтты.

"Қазіргі таңда карантинді күшейту шарасын қолға алып отырмыз. 15 маусымға дейін мемлекеттік балабақшаны ашу мәселесін қарастырмаймыз", - деді ол.

Бекшиннің айтуынша, қазір қалада мәдени нысандар ашылған жоқ. Барлығы қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Егер науқастардың өсімі соңғы жеті күнде 2 проценттен төмен болса ғана мәдени нысандарды ашу мәселесі қаралады.

"Өткен аптада күніне 25-тен 117 жағдайға дейін тіркелді. Біз қала аумағында адамдардың топ болып жиналуына тыйым салу бойынша қосымша шаралар енгізуге мәжбүрміз", - деді ол.

65
Кілт сөздер:
Алматы, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Блок бекетте шын мәнінде не болғаны жұртқа жария етіледі – полиция бастығы
Әскерге шақырылғандар он төрт күнге карантинге алынады 
"Тревога" десе, үй киімімен барасың": арнайы жасақтағы қыздар ашық сұхбат берді
Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме
Қазақстанда карантин кезінде балалар суициді жиілеген
Күн, архивтегі фото

Күн сәулесі коронавирусты өлтіре ме Бекшин жауап берді

0
Алматының бас санитар дәрігері қазір климаты ыстық елдерде ауру жұқтырып жатқандар саны өсіп жатқанын мысалға келтірді  

АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин күн сәулесі коронавирусты өлтіре ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, күн сәулесі вирусты өлтіретіні дәлелденбеген. Алайда ЖРВИ, тұмау секілді аурулар сәуірдің соңы мен мамырдың басында күннің ыстық болуына байланысты өршуін тоқтатады.

"Коронавирусқа келетін болсақ, қазір климаты ыстық елдерде ауру жұқтырып жатқандар саны өсіп жатыр. Мысал ретінде Бразилия, Перу, Үндістан, Пәкістанды айтуға болады. Осыдан-ақ вирустың күн сәулесіне қарсы тұра алатынын байқауға болады. Мысал ретінде қаламызда 30 градус ыстық болып тұр, алайда инфекция жұқтырғандар әлі де тіркеліп жатыр", - деді Бекшин.

Сонымен қатар қаланың бас санитар дәрігері жабық нысандардың қауіпті екенін тағы бір рет еске салды.

"Вирус адам ағзасында өмір сүреді, көбейіп, сыртқа шығады. Сондықтан нашар желдетілетін жабық нысандар өте қауіпті болып саналады", - деді ол.

Оқи отырыңыз: Бекшин Алматыда енгізілген шектеу шараларын түсіндірді 

Айта кетейік, Алматыда 2 715 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, 1 627 адам жазылып шықты, 10 адам қайтыс болды.

0
Кілт сөздер:
коронавирус, Жандарбек Бекшин, күн
Тақырып бойынша
COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастар үшін қауіпті дәрілер аталды
Ер адамдар коронавирусты жиі жұқтырады – ғалымдар себебін анықтады
Ғалымдар коронавирусты кімдер жұқтырмайтынын айтты
Ғалымдар күн сәулесі коронавирусты қанша уақытта өлтіретінін анықтады
Ғалымдар коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын айтты