Өңірлер

Алматыда қызды қағып өлтірген автобус жүргізушісіне үкім шықты

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуСотталушы
Сотталушы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қоғамдық көліктің жүргізушісі бір жарым жылға сотталды

АСТАНА, 30 мамыр — Sputnik. Алматыда "Сайран" вокзалы жанында қызды қағып өлтірген автобус жүргізушісі Әнуар Жәнібеков сотталды. 

Әнуар Жәнібеков сотта айыбын мойындап, өкінетінін білдірді. Адвокатының айтуынша, ол жәбірленушінің туыстарымен бітімге келіп, келтірген шығынды өтеген.

Автобус жүргізушісі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша айыпты деп танылды.

Сот үкімімен ол 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Сонымен бірге төрт жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Жол апаты 18 сәуірде Төле би және Өтеген батыр көшелерінің қиылысында болды. 126-бағдарлы автобус қиылыста жолдан өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен. 23 жастағы қыз оқиға орнында көз жұмды.

Жаңалықтар
0