Өңірлер

Маңғыстауда екі адамды автобус басып қалды

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуТҚКС
ТҚКС - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зардап шеккендердің бірі көп қан жоғалтып, жансақтау бөліміне түскен

АСТАНА, 31 мамыр — Sputnik. Екі ер адам техникалық қызмет көрсету станциясында жөндеу жұмыстары кезінде автобус астында қалған.

Зардап шеккендер бір жарым сағаттан соң ауруханаға барыпты, біреуі көп мөлшерде қан жоғалтқан.

Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Петропавлда құрылысшы бетон араластырғыштың ішіне түсіп қаза тапты

"Көлікті жөндеп жатқанда домкратты дұрыс орнатпаған болуы мүмкін", — деп мәлімет берді облыстың ішкі істер департаменті баспасөз қызметі "Лада" басылымына.

Дәрігерлер медициналық жәрдем көрсеткен соң зардап шеккендердің бірін үйіне қайтарды.

Екіншісі жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы бір қалыпты ауыр.

33 жастағы ер адам аяқ-қолынан жарақат алып, жамбасына да зақым келген. Жасанды демалдыру аппаратымен тыныс алып жатыр.

Жаңалықтар
0