Түнгі көлік қозғалысы

Риддердегі жол апаты: қаза тапқан жігіттің әкесі Назарбаевтан көмек сұрады

118
(Жаңартылды 17:40 03.06.2018)
Виктор Смольников баласының қазасы туралы іс әділ қаралуын талап етіп, петиция жазды

АСТАНА, 31 мамыр — Sputnik. Шығыс Қазақстанда көлік астына түсіп қаза тапқан жігіттің әкесі Виктор Смольников мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа видео үндеу жолдады.

Смольников Риддер әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаевтың мас күйінде қалай жол апатына ұшырағанын айтып берді.

"Баламның жасы 18-де еді. Ол жыраға ұшып түскен, көліктің тежелу жолы 43 метр болды. Көлік тоқтаған соң, жүргізуші мен жолаушы жыраға түсіп, баламның ажал құшқанын көрген. Өскемен әкімі Қуат Тумабаев BMW X5 көлігіне мініп, жол апаты орнынан алып кетеді. Оны жол апатынан бірнеше метр алыстағанда қуып жетіп, көлікті орнына әкеп қойған, бірақ басқа бағытқа қаратыпты. Алайда Тумабаевтың өзі көлікте жоқ болатын", — деп мәлімдеді Смольников видео үндеуінде.

Ол жақында тергеу нәтижелерімен танысып, тергеушімен сөйлескенін айтты. Смольников рөлде Бауыржан Құрманбаевтың ғана саусақ іздері табылғанына аң-таң.

"Одан кейін рөлге Тумабаев отырды емес пе. Регистратордағы видеодан көрініп тұр. Тергеуші саусақ іздерінің сүртіліп қалуы мүмкін дейді", — деді Смольников.

Қаза тапқан жігіттің әкесі петиция жазып, оған бес мыңнан астам адам қол қойған көрінеді.

15 сәуірде Риддерде BMW X5 жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Кейінірек анықталғандай, жүргізуші – қала әкімінің орынбасары екен. Полиция мәліметіне сүйенсек, көлікті мас күйінде айдаған.

Құрманбаев жігітті қаққан кезде, көлікте Өскемен әкімі Қуат Тумабаев та болған.

118
Кілт сөздер:
видео үндеу, кісі қағып өлтіру, жол апаты, Риддер, Шығыс Қазақстан
Шаңды дауыл

Бұршақ жауады дүйсенбі күні ауа райы қандай болады

1647
(Жаңартылды 20:03 20.09.2020)
Елдің басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонның әсері сезіледі. Жаңбыр мен бұршақ жауатыны хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек  — Sputnik. Қазақстанда 21 қыркүйекте оңтүстікте шаңды дауыл болады, орталықта - дауыл, оңтүстік-шығыста - тұман.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола облысының басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысында да жел күшейеді, екпіні секундына 23-28 метр.

Қарағанды облысында күн күркіреп, жаңбыр мен бұршақ жауады.

Атырау, Павлодар, күндіз Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, Павлодар облысында 23 м/с-ке жетеді.

Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, шаңды дауыл.

Түркістан облысында да шаңды дауыл болады.

Батыс Қазақстан облысында түнде найзағай ойнайды.

Жамбыл облысында тұман, күн күркірейді, жел күшейеді.

Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облысында өрт қаупі жоғары.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада жауын-шашын болады, түнде +8..+10 градус, күндіз +14..+16 градус.

Алматыда күн ашық. Түнде +9..+11, күндіз +24..+26 градус.

Шымкентте 21 қыркүйекте жауын-шашынсыз. Түнде +10..+12 градус, күндіз +25..+27.

1647
Дельтаплан, иллюстративті фото

Маңғыстауда дельтапланмен ұшқан ер адам жартасқа соғылды видео

890
(Жаңартылды 13:05 20.09.2020)
Құтқарушылар альпинистік құрылғылардың көмегімен ер адамды жардан төмен түсіріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстауда дельтапланмен ұшқан ер адам құлап, екі қолын сындырып алды.

Аймақтық инАктау басылымының хабарлауынша, оқиға өткен сенбі күні Шопан ата қорымына жетпей, Қарақия аймағындағы жартастардың бірінде болған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадіровтің айтуынша, төтенше жағдай туралы хабарлама сағат 18:12-де түскен. 

"Дельтапланмен ұшу кезінде 1988 жылы туған ер адам жартасқа соғылып, жарақат алған. Атап айтқанда, екі қолы сынғандықтан, ол оқиға орнынан өздігінен қозғала алмаған. Бізге түскен хабарлама негізінде Жаңаөзен қаласының №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бес құтқарушысы көмекке жұмылдырылды", – деді бөлім басшысының орынбасары.

Құтқарушылар альпинистік құрылғылардың көмегімен ер адамды жартасты қиядан төмен түсіріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Оқи отырыңыз: Орал маңында қолдан жасалған ұшақ құлады – ұшқыш қаза тапты

890
Кілт сөздер:
Маңғыстау облысы, оқиға
Тақырып бойынша
Алматы маңында SCAT ұшағына құс соғылды – оқиғаның мән-жайы
"Қытай ұшағы радиоактивті зат шашып жүр": ақпаратқа түсініктеме берілді
Навальный мінген ұшақ шұғыл түрде Омбыға қонды – оппозиционер комада жатыр
"Ұшақты атқылаған": үш жыл бұрынғы әуе апатына қатысты жаңа дерек шықты
Путинді ақтырналармен бірге ұшуға үйреткен пилот қаза болды
Ұшақ, аспан

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы жанданады

0
Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана жүзеге асырылды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. Ресей өз аумағына Қазақстан азаматтарының кіруіне рұқсат берді. Шектеу коронавирустың таралуына байланысты енгізілген болатын.

"Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Корея елдерінің азаматтарына және осы елдерде тұруға ықтиярхаты барларға Ресейге әуе өткізу пунктері арқылы кіруге рұқсат етіледі. Ресейліктер де бұл елдерге емін-еркін бара алады", - делінген Ресей үкіметінің сайтында жарияланған ақпаратта. 

Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана болды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек еді.

Рейстер аптасына бір рет жүзеге асырылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы 21 қыркүйекте жанданады.

0