Өңірлер

ШҚО-да 23 жастағы жігіт жас қызды ұрып өлтірді

© Sputnik / Табылды КадырбековТұрмыстық зорлық-зомбылық
Тұрмыстық зорлық-зомбылық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға Ұлан ауданында болған, полиция қылмыстық іс қозғады

АСТАНА, 1 маусым — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Таврия ауылында оқыс оқиға болды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көрші ауылдың жігіті жас қызды соққыға жығып өлтіріпті, деп хабарлады altaynews.kz.

Сүймен ұстаған адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада аялдамада жас жігіт егде кісіні аяусыз ұрып-соқты

Порталдың мәліметінше, полиция осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растаған.

Анықталғандай, 21 жастағы Таврия ауылының тұрғыны алған жарақаттың салдарынан көз жұмған. ҚР Қылмыстық кодексінің 106 бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, 23 жастағы Привольное ауылының тұрғыны қамауға алынды.

Қазір болған жайтқа қатысты  қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Жаңалықтар
0