Өңірлер

Қостанайда "зират қиратылды" деп ақпарат таратқан әйел жазаға тартылады

Жазылу
WhatsApp арқылы тараған ақпарат жалған болып шықты, енді Арқалық тұрғыны 12 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін

АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. 30 мамыр күні WhatsApp мессенджерінде "қытайлар қабірді қазып тастады" деген дыбыстық хабарлама тараған. Жедел шаралар барысында Арқалықтың 33 жастағы тұрғыны анықталды, деп хабарлайды alau.kz Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұзылған зират - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматы облысында жасөспірімдер зиратты қорлады деген күдікке ілінді

Әйелдің айтуынша, 30 мамыр күні оған Арқалықтың Ашутасты ауылында қытайлар зиратты қиратты деген хабарлама келген. Кейін ол өз хабарламасын жазып, WhatsApp арқылы таратып жіберіпті. 

"Жалған мәлімет тарату фактісі бойынша қазіргі таңда Арқалықтың 33 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ҚК 274-бабы 2-тармағы 3-тармақшасы "Телекоммуникация желілерін пайдаланып, көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бап санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарын не екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Осыған байланысты, облыс тұрғындарынан шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратпауды өтінеміз",- деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметінен. 

Еске салып өтсек, Ашутасты ауылындағы зират шынымен қиратылған. Бірақ оны қытайлар емес, 11 жастағы оқушылар бүлдіріпті.

Жаңалықтар
0