АСТАНА, 4 маусым — Sputnik. Алматы облысында дүйсенбі таңертең магнитудасы 4,8 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Бүгін 08:17-де Алматы қаласынан 184 шақырым қашықтықта жер сілкінді.
Зілзала кіндігі Алматыдан батысқа қарай Қазақстан аумағында болған. Магнитудасы 4,8, тереңдігі 20 шақырым.
Жер дүмпулерін Ұзынбұлақ ауылының тұрғындары сезді.