Алматы облысында туристер мінген автокөлік аударылды

Алматы облысында туристер мінген автокөлік аударылды

35
Он екі жолаушының төртеуі ауруханада хал үстінде жатыр

АСТАНА, 4 маусым — Sputnik. Алматы облысында туристер мінген автокөлік аударылды, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға кеше, 3 маусымда болған. Текелі қаласында демалып жүрген туристер мінген ГАЗ-66 маркалы автокөлік аударылып кеткен. Автокөлікте 12 адам болған, оның төртеуі ауыр халде аурухана жатқызылды.   

Оқиға орнына жедел құтқару жасағаның жеті қызметкері келіп, зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Содан кейін туристер Текелі қалалық ауруханасына жеткізілген. Қазір зардап шегушілер білікті дәрігерлердің бақылауында.  

Алматы облысында туристер мінген автокөлік аударылды
© Photo : Алматы облысы ТЖД
Алматы облысында туристер мінген автокөлік аударылды
35
Загрузка...