Өңірлер

"Үй бермесе, өзіме қол жұмсаймын". Үштөбелік мүгедектің жанайқайы

© Fotolia / Peter AtkinsМүгедектер арбасы
Мүгедектер арбасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мүгедектер арбасына таңылған Болат Әбілдинов билік өкілдерінен баспана сұрайды

АСТАНА, 6 маусым — Sputnik. Үштөбе қаласында баспана сұраған аяқ-қолы жоқ ер адам өзі отыратын мүгедектер арбасын өртеп жіберді. Жарымжан жанның наразылық білдірген видеосы әлеуметтік желілерде тараған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Видеода ер адам жиналғандарға аяғы мен қолындағы протезін көрсетіп, жанайқайын жеткізді. Сондай-ақ мүгедектер арбасының жанып жатқанын көруге болады.

Аяқ-қолынан айырылған ер адам өзіне баспана керегін айтуда.

"Міне, барлығы протез. Амандық Баталовқа (Алматы облысының әкімі – автор ескертп.) екі-үш рет бардым, бірақ кездестіре алмадым. Бір жарым жыл болды талап етіп жүргеніме. Мында иесіз қалған үйлер бар. Қазір маған үй керек. Иесіз қалған үйлер көп. Қалай өмір сүруге болады?…Барлық жерде жемқорлық, таныс. Егер маған үй бермесе, мен өзіме қол жұмсаймын. Шаршадым…Инватакси көмектеспейді, қыс бойы жаяу жүрдім", — дейді әбден ашынған ер адам. 

Алматы облысының әкімдігі желіні шулатқан ер адамға қатысты толық ақпарат берді. Облыс әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкелдің айтуынша, роликтегі ер адам – 1979 жылы туған Болат Қуатұлы Әбілдинов. Қазір ол Үштөбе қаласында тұрады, үйленген, бір қызы бар екен.

iPhone X - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Алаяқтыққа жол жоқ: мүгедек жандар банктегі шотының нөмірін SMS-пен жібереді

І топтағы мүгедек ретінде 2016 жылдың 15 қаңтарынан бері "Қаратал ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ есебінде тұр. 

"Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, 2016 жылдың 15 қаңтарынан бері жеке көмекші қызмет көрсетеді. Осы жылдың ақпанында үй ішіне арналған арба, ал 2017 жылдың наурызында сыртта серуендеуге арналған арба берілді. Өткен жылдың маусымында екі аяғы мен қолына протез салынды", — делінген хабарламада. 

Ер адам 54 306 теңге көлемінде жәрдемақы алады екен. Әйелі Үштөбе қаласындағы кәсіпорындардың бірінде жұмыс істейді.

Шахтерлер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қарағандыда мүгедек шахтерлер жәрдемақыны көбейтуді талап етті

"Болат Әбілдинов халықтың әлеуметік әлжуаз санаты бойынша үй кезегінде 2016 жылдың 16 ақпанынан бері тұр. Яғни, екі жыл болды. Осы жылдың мамырындағы мәліметке сүйенсек, аталған санат бойынша кезекте тұрғандар саны 450 адам. Оның ішінде І топ мүгедектері – 98 адам, Әбілдинов соның арасында 70-ші болып кезекте тұр", — деп атап өтті әкімдіктегілер. 

Сонымен қатар, осы жылдың наурызында Қаратал ауданы әкімдігінің қызметкерлері Болат Әбілдиновтің қалай тұрып жатқанын тексерген. Тексеріс актіне сәйкес, Әбілдиновтің тұрмыстық жағдайы – қанағаттанарлық. Ер адам 2 бөлмелі үйде тұрады екен. 

"Әйелінің айтуынша, коммуналдық төлемдерді қосқанда айына баспана үшін 20 000 теңге төлейді. Аудан әкімі бөлім басшыларымен (ТКШ, әлеуметтік бағдарламалар), Қаратал ауданының оңалту орталығы және зағиптар қоғамдастығының өкілдерімен бірге Әбілдиновпен кездесіп, әңгімелесті. Оған пәтер ұсынған, алайда ол жер үй талап етіп, одан бас тартты", — деп мән-жайды баяндады баспасөз қызметі.

Жаңалықтар
0