Өңірлер

Маңғыстауда жемқорлыққа қарсы қызмет офицері парамен ұсталды

© SputnikПара
Пара - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Офицердің пара сұрағаны туралы шетелдік кәсіпкер хабарлаған

АСТАНА, 6 маусым — Sputnik. Маңғыстау облысында жемқорлыққа қарсы қызмет офицері миллион теңге пара алғаны үшін ұсталды, деп хабарлады мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Пара - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жезқазған әкiмiнiң орынбасары жарты миллион теңге парамен ұсталды

"4 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ішкі қауіпсіздік басқармасы Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ерекше маңызды істер бойынша офицері парамен ұсталды", — делінген хабарламада.

Қызметкердің пара сұрағаны туралы шетелдік кәсіпкер хабарлап, жедел іздеу шаралары басталған.

Офицер бизнесменді қылмыстық жауапкершілікке тартпағаны үшін миллион теңге пара алған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторінде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жаңалықтар
0