Өңірлер

Бекшин Қаскелеңдегі аурухананың неге жабылатынын түсіндірді

© Sputnik / Медиабанкке өтуЖұқпалы аурулар ауруханасы
Жұқпалы аурулар ауруханасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматыға жұмыс сапары барысында премьер-министрден Қаскелең қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасын жабу мәселесін шешуді сұрайтынын айтқан еді

АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. ҚР денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы – ҚР бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасы не себепті жабылғалы жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Аурухана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бекшин: менингит жұқтырған 3 бала жансақтау бөлімінде жатыр

"Қаскелең ауруханасы өте ескі. Біздің мамандар өткен жылдың қарашасында аурухананы жөндеуге жабу туралы ұйғарым берген. Бірақ кәсіпкерлік кодексінің ережелеріне сәйкес, алдымен ұйғарым беріледі, оны орындау мерзімі осы жылдың 1 шілдесіне дейін деп бекітілді. Аурухананың бас дәрігері бірінші жартыжылдықта күрделі жөндеу жүргіземіз деп уәде берді. Алайда жөндеу жүргізуге қаражат бөлінбеген. Кәсіпкерлік кодексінің ережелеріне сәйкес, біз алдын ала ештеңе істей алмаймыз. Сондықтан, тиісті материалдар дайындап, аурухана сот тәртібінде жабылады немесе аудандық аурухана аумағынан жаңа бөлімше ашу туралы мәселе қозғалып отыр", — деді Бекшин ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Бас санитарлық дәрігер қазір барлық медициналық мекемеде жұқпалы аурумен түскен науқастар үшін арнайы блоктар ашылуы керек дейді. 

"Мейлі, бес немесе он төсек-орын болсын. Бірақ науқастарды басқа ауруханаға тасымалдамай-ақ сол жерде көмек көрсету үшін арнайы блоктар ашу мәселесі көтеріліп отыр. Олар инфекционист дәрігерлермен қамтылуы керек. Ал егер науқастың жағдайы ауыр болса, онда әрине санавиация шақырылады", — деді ол.

Жаңалықтар
0