Түймебаев лекция кезінде латын әліпбиімен қиналмай жазды

Түймебаев лекция кезінде латын әліпбиімен қиналмай жазды

85
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі студенттерге латын әліпбиінің мән-маңызын түсіндірді

ШЫМКЕНТ, 7 маусым — Sputnik. Бүгін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде облыс әкімі Жансейіт Түймебаев студент жастармен кездесіп, "Рухани жаңғыру: жастарға жаңа бағдар" тақырыбында лекция оқыды. Басқосу барысында аймақ басшысы латын әліпбиінің мән-маңызына тоқталды, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. 

"Хәкім Абайдың 25-ші қара сөзінде "Зарарынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға тілін, өнерін үйрену керек" деген сөзіне 100 жылдан астам уақыт өтсе де маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Айта кететіні, біз латын әліпбиіне көшпейміз, қайта оралатын боламыз. Өйткені 1929-1940 жылдары осы әліпбиді қолдандық. Аталған әліпби — бізді жаңа биіктерге жетелейді, көкжиегімізді кеңейтеді. Осы бағытта облыста жалпы 1000-нан астам іс-шара өткізілді. Шет елдерден келген жазушылар, облыстың зиялы қауым өкілдері, түркітанушы ғалымдарының қатысуымен "Латын әліпбиіне көшу – ұлтымыздың жарқын болашағы", "Жаңғыру – жазудан басталады", "Тіл. Тәуелсіздік. Тағылым" сынды бірнеше ғылыми жиын ұйымдастырылды", — деді Жансейіт Түймебаев.

Сондай-ақ, облыс басшысы жиылған қауымның алдында латын әліпбиінде жазып көрсетіп, латын қарпінің негізгі ережелерімен таныстырды. "Рухани жаңғыру" бағдарламасының негізгі тұстарын жастарға тарқатып айтты.

"Осыдан бір ғасыр бұрын Міржақып Дулатұлы: "Әр елдің қолданған салт-санасы сол елдің кәсібімен байлаулы. Салт-сананың негізі – елдің қолданған кәсібінде", — деген.  Бұл ретте Елбасымыз: "Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек", — деп атап көрсеткен болатын", — деп қорытындылады аймақ басшысы.

Кездесу аясында жиналған жастар облыс әкіміне толғандырған сауалдарын қойып, жауап алды. Белсенді студенттер түрлі тақырыптарда баяндама жасады.


85
Тақырып:
Латын әліпбиіне көшу (46)
Қарбыз, Түркістан облысы

Балаларды қарбыз қабығын жеуге мәжбүрлеген ер адам ұсталды - видео

28
(Жаңартылды 18:25 03.07.2020)
Полицейлер балаларды тапты. Олардың ата-анасы ішкі істер органдарына арыз жазып, жәбірлеушіні жауапқа тартуға мүдделі

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Түркістан облысында балаларға қарбыздың қабығын жегізген ер адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz сайты.

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде Түркістан облыстық департаменттің қызметкерлері бір видеоға назар аударған. Онда ер адам екі баланы видеоға түсіріп тұрып, қарбыз қабығын жеуге мәжбүрлеген. Бұның бәрін түсіргенде былапыт сөз айтқан. Видеоның авторы бір тәуліктің ішінде ұсталды", - дейді полицейлер.

Балаларға қарбыздың қабығын жегізген ер адам Ордабасы ауданының тұрғыны болып шықты. Ал қоғамдық резонанс туғызған видео 2019 жылы тамыз айында түсірілген.

"Ер адам өз кінәсін толығымен мойындады. Полицейлер балаларды да тапты. Олардың ата-аналары ішкі істер органдарына арыз жазып, жәбірлеушіні жауапқа тартуға мүдделі", - деп атап көрсетті тәртіп сақшылары. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от kris_p_brothers (@kris_p_brothers_official)

28
Тақырып бойынша
Түркістан облысында баланың қол-аузын байлап қинаған кім?
Талдықорғанда өгей әке 8 жасар баланы комаға түсірді – оқиғаның мән-жайы
Қарағандыда 3 жасар баланы өлтірген қаскөй ұсталды – фото
Сабақта баланы ұрған: қостанайлық мұғалім қалай жазаланды
Аязда баланы автобустан түсіріп кеткен жүргізуші жұмыстан қуылды
Алматы метросы

Сағынтаев Алматыдағы пневмония эпидемиясына қатысты мәлімдеме жасады

505
(Жаңартылды 16:09 03.07.2020)
Алматы әкімі коронавируспен күреске қалалық денсаулық сақтау жүйесінің барлық ресурсы жұмылдырылғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Алматыда соңғы айда өткір респираторлық вирус инфекциясы мен пневмония ауруларының саны 5 есе өсті. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев эпидемия басталғанын айтып отыр.

"Бұл ретте жедел жәрдем қызметіне жүгінушілердің саны күрт көтерілген. Маусым айында тәулігіне 4 мыңға дейін қоңырау түскен", - деп жазды Сағынтаев Instagram парақшасында. 

Ол коронавируспен күреске қалалық денсаулық сақтау жүйесінің барлық ресурсы жұмылдырылғанын айтты. Жұқпалы және провизорлық стационарлардан бөлек алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметіне жүк түсіп жатқанын жеткізді. 

"Бүгінгі қалыптасқан жағдайда "виртуалды жұқпалы аурулар ауруханасы" ашылды. Емханаларда COVID-19 диагнозы расталған және симптомдары бар пациенттерді мониторингілеу бойынша мобильді бригадалар құрылды. Асфендияров медицина университетімен бірлесіп, Кардиология және ішкі аурулар институты базасында пациенттерге мониторинг жүргізетін орталық аштық", - деді әкім.

Оның айтуынша, бұл амбулаторлық деңгейде, әсіресе, қарттар арасындағы асқынуларды азайтуға мүмкіндік берген.

505
Кілт сөздер:
эпидемия, Алматы, Бақытжан Сағынтаев
Тақырып бойынша
5 шілдеден бастап Қазақстанда екі қала жабылады
Мүфтият Құрбан айтқа қатысты түсініктеме берді
Вице-министр коронавирус жұқтырған қазақстандық шенеуніктер қалай емделетінін айтты
Смановтың жаназасына жүздеген адам жиналды – бас мүфти пікір білдірді
Қазақстанда 18 дәрігер коронавирустан қайтыс болды
Қоғамдық көлік

Қазақстанда қоғамдық көліктің жұмыс уақытына өзгеріс енгізіледі

0
(Жаңартылды 18:58 03.07.2020)
Қоғамдық көлік таңғы сағат 06:00 - 10:00 және кешкі 17:00 - 21:00 аралығында қатынайтын болады. Күндізгі уақытта үзіліс жасалады

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде — Sputnik. Қазақстанда 5 шілдеден бастап енгізілетін жаңа карантин кезінде қоғамдық көліктің жұмыс уақыты шектеледі. Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың қаулысында осылай жазылған.

Қоғамдық көлік таңғы және кешкі уақытта ғана қатынайтын болады.

"Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен облыс әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар қоғамдық көліктердің жұмыс уақытын шектеуді (06:00 - 10:00 және 17:00 - 21:00) қамтамасыз ету керек. Қоғамдық көліктегі жолаушылар саны 50%-тен аспауы тиіс", - делінген хабарламада.

Өңірлер арасында жеке көлікпен жүруге тыйым салынған жоқ. 

Қаулы 2020 жылдың 5 шілдесі күні сағат 00 сағат 00 минутта күшіне енеді.

0
Кілт сөздер:
жұмыс, қоғамдық көлік, Қазақстан
Тақырып бойынша
5 шілдеден бастап Қазақстанда екі қала жабылады
"Назарбаевтың қанынан вакцина жасайды": министрлік түсініктеме берді
Вице-министр қазақстандықтар жедел жәрдемге қанша ақша төлейтінін айтты
Атаулы әлеуметтік көмек алатындар үшін жағымды жаңалық жарияланды
Сағынтаев Алматыдағы пневмония эпидемиясына қатысты мәлімдеме жасады