Түрме

Қостанай облысында түрмеден қашқан қылмыскер төрт күннен соң ұсталды

80
(Жаңартылды 18:38 12.06.2018)
Жаза мерзімін өтуден қашқаны үшін ер адам тағы екі жылға сотталуы мүмкін

АСТАНА, 11 маусым — Sputnik. Қостанай облысында түрмеде жазасын өтеп жүрген қылмыскер қашып кеткен.

25 жастағы сотталған азамат 6 маусымда еркін жүріп-тұру мүмкіндігін пайдаланып, жұмыс орнынан кетіп қалған.

"Алау" басылымына облыстық қылмыстық-атқарушы жүйе департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел іздеу шаралары барысында қылмыскер 10 маусымда кешкі сағат 8 кезінде ұсталыпты.

Сотталған ер адамды жазасын әрі қарай өтеу үшін УК-161/11 колониясына жеткізді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеулер басталды, соған сәйкес жазасына тағы екі жыл қосылуы ықтимал.

80
Кілт сөздер:
ұстау, қылмыскер, түрмеден қашу, Қостанай облысы
Загрузка...