Сот

Риддердегі атышулы жол апаты: әкім орынбасары сот алдына келеді

32
(Жаңартылды 09:31 18.06.2018)
Бауыржан Құрманбаевқа қатысты қылмыстық іс Риддер қалалық сотында 21 маусымда қаралады

ӨСКЕМЕН, 14 маусым — Sputnik. Риддер әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев жас жігітті қағып өлтірді деген күдікпен сот алдына келеді. 

Құрманбаевқа қатысты сот ісі Риддер сотында 21 маусымда қаралады, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық соты Sputnik Қазақстанға.

Сот отырысы ашық өтеді.

15 сәуірде Риддерде BMW X5 жүргізушісі 18 жастағы жаяу жүргіншіні қағып өлтірген еді. Рөлде қала әкімінің орынбасары болған. Полицейлердің айтуынша, ер адам мас күйінде көлік айдапты.

Кейінірек белгілі болғандай, жігітті қаққан кезде көлікте Өскемен әкімі Қуат Тумабаев болған. 

Бірақ кісіні қағып өлтірген кезде көлікті ол жүргізбегендіктен, Тумабаев істің қаралуына куәгер ретінде қатысады. 

Қаза тапқан жігіттің әкесі Нұрсұлтан Назарбаевтан көмек сұрап, видео үндеу жариялады.

32
Кілт сөздер:
кісі қағып өлтіру, әкім орынбасары, жол апаты, Шығыс Қазақстан