Қылмыстық іс

Бас прокурордың аға көмекшісі мен тергеуші жазықсыз адамдарды соттаған

711
(Жаңартылды 19:29 15.06.2018)
Құқық қорғаушыларға қатысты қылмыстық іс жазықсыз тұлғаны жауапқа тарту және қасақана жалған ақпарат тарату баптары бойынша қаралды

АЛМАТЫ, 15 маусым — Sputnik. ҚР бас прокурорының аға көмекшісі Құралбек Рахметов пен Алматы ішкі істер департаменті тергеушісі Михаил Решетовке қатысты қылмыстық істің бастапқы тыңдауы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Рахметов пен Решетовтың қылмыстық ісі "Жазықсыз тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту" және "Жалған ақпарат тарату" баптары бойынша тергелген.

Ер адамдарға айғақтар жеткіліксіз болғанына қарамастан, 25 тұлғаны заңсыз жауапқа тартты деген күдік келтірілген. Тергеу анықтағандай: Рахметовке қанша рет айғақтардың жоқтығы айтылған, бұдан бұрын қылмыс құрамы болмағандықтан құқық қорғау, фискалды органдар қызметкерлері және басқа да тұлғаларға қатысты істі тоқтату туралы шешім қабылданды.

Сотта Рахметовтың адвокаты жоқ екені анықталды. Ол заңгер екенін айтып, өз-өзін қорғауға дайынмын дегенімен, судья сотталушыға адвокат тағайындау қажет деп шешті.

711
Кілт сөздер:
жала жабу, аға көмекші, тергеуші
Загрузка...