Өңірлер

Оралда жас жігітті өз ауласында өлтіріп кетті

© Sputnik / Табылды КадырбековПышақ
Пышақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

ОРАЛ, 15 маусым — Sputnik. Оралда жас жігітті өз үйінің ауласында пышақтап кеткен.

Ер адам - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Атырауда такси жолаушысын бейіт басында өлтіріп кетті

12 маусым күні таңғы бес кезінде жедел қызметкерлер Еуразия даңғылындағы №21 мектепке жақын жерде ер адамның денесін тапқан. 1997 жылғы жігіттің жүрегіне пышақ сұққан екен.

14 маусымда отбасы Артур Елеуовты соңғы сапарға шығарып салды. 

"Уральская неделя" басылымына марқұмның достары хабарлағандай, Артурдың мінезі салмақты, ешқашан жанжал бастамайды екен, дәмханада аспаз болып істеп жүріпті.

Жедел іздеу шаралары барысында кісі өлтірді деген күдікпен 2000 жылғы жігіт ұсталды. Полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.


Жаңалықтар
0