Өзен

Солтүстік Қазақстанда суға кеткен баланың денесі бір аптадан соң табылды

67
(Жаңартылды 19:45 19.06.2018)
Жеті жасар бала суға түскен таяқты аламын деп өзенге батып кеткен

ПЕТРОПАВЛ, 16 маусым — Sputnik. Солтүстік Қазақстанда бір апта бұрын суға кеткен жеті жасар баланың денесі табылды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысы Евгений Журавлев Sputnik агенттігіне.

Қайғылы оқиға 9 маусымда Қызылжар ауданы Новоникольск ауылында сағат кешкі бес кезінде болған.

Жеті жасар Данил досымен бірге көпірден өзенге тас атып ойнап жүреді. Балақай байқаусызда таяғын суға түсіріп, аламын деп еңкейе бергенде өзенге құлап кеткен. Оқиға маңында балық аулап жүрген жасөспірімнің айтуынша, бала көпірдің ар жағынан қалқып шығып, қайта су астына кеткен, өзеннің қатты ағысы ағызып әкеткен көрінеді. Куәгер болған жайтты жергілікті тұрғындарға хабарлапты.

Баланың ата-анасы ұлдарын ауылдан алысқа жібермейді екен, бірақ ол сол күні өзенге рұқсатсыз кетіп қалған. 

"Денесі бүгін cағат 7:15-те көпірден он километрдей жерде табылды", — деп мәлімет берді Евгений Журавлев.

Сүңгуірлер бір апта бойы өзенді шарлап, іздеу шараларын жүргізген.

67
Кілт сөздер:
суға кету, Солтүстік Қазақстан облысы
Загрузка...