Өңірлер

Шымкентке жаңа әкім тағайындалды

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілді

АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Күні кеше республикалық маңызы бар қала статусына ие болған Шымкент қаласының әкімі қызметіне бұрынғы басшы Ғабидолла Әбдіраxымов тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жансейіт Түймебаев - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Түркістан облысының әкімі тағайындалды

Ғабидолла Раxматоллаұлы 1975 жылы Сарыағаш ауданында дүниеге келген. 

Қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген ол 2015 жылдың тамыз айынан 2017 жылдың қараша айына дейін Шымкент қаласын басқарды. 

Ғабидолла Әбдіраxымов сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентке әкім боп тұрған кезінде тұрғындардың ыстық ықыласына бөленген креативті әкім бола білді. Тіпті бұл лауазымынан босағанда көптеген шымкенттіктер оны қимастықпен шығарып салды. 

Айта кетейік, Шымкенттің су жаңа "мэрі" бұрынғы басшы Нұрлан Сауранбаевтың орнын алмастырды. 

Жаңалықтар
0