Жапон тілі

Павлодарда түрмедегілер жапон тілін оқитын болды

15
Павлодардағы қатаң тәртіпті колонияда жаңа білім беру бағдарламасы басталды: сотталғандарға бірқатар пән оқытылмақ

ПАВЛОДАР, 20 маусым — Sputnik. Павлодардың АП-162/4 колониясында жаңа білім беру жобасы басталды, соның аясында сотталғандар әртүрлі пәннен сабақ ала алады, деп хабарлады мекеме басшысы, әділет подполковнигі Ринат Құдабаев.

"Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен сотталғандарды оқыту бойынша келісім жасастық, — дейді ол. – Әзірше қысқа мерзімді курстар. Кейінірек жоғары білім бере бастаймыз. Ниет білдірушілер Skype арқылы мұғаліммен хабарласып, онлайн білім алады. Мысалы, қазір сотталғандарға жапон тілін үйренуге мүмкіндік бар".

Жапон тілі курсы екі-үш айға созылады, бағасы үш мың теңге екен.

Ұсынылған пәндер арасында – Қазақстан тарихы, қазақ журналистикасы тарихы, тіпті биофизика да бар. Бұл курстардың бағасы 5 мың теңгеден аспайды. Курсты тәмәмдаған соң арнайы сертификат берілмек. Хабарландырудың пайда болғанына көп болмаса да, 15 адам жазылып үлгеріпті.

15
Кілт сөздер:
жапон тілі, білім беру, түрме, Павлодар
Загрузка...