әйел

Талғарда мүгедек баланы азаптап өлтірген келіншекке үкім шықты

1530
(Жаңартылды 18:01 24.06.2018)
Алайда атышулы іс мұнымен бітпек емес, сотталушының туысқандары енді интернаттағыларды сотқа береді

АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Алматы облысында 8 жасар баланы азаптап өлтірді делінген келіншекке үкім шықты. Сот тәрбиешіні кінәлі деп тауып, оны 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды КТК.  

Атышулы істі бір айға жуық қараған судья соңғы отырысты ұзаққа созбады. Бөлмеге кірген бойда бірден үкімді оқыды:

"Жалымова Мейіргүл ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 25-бөлігі 13,14-тармақтарымен кінәлі деп танылып, 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылсын. Жаза қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтелсін. 

Кінәсі дәлелденген тәрбиеші одан бөлек баланың ата-анасына 3 миллион теңге өтемақы төлеуі тиіс. Ол үшін судья келіншектің туыстарына 2 ай уақыт берді. Кері жағдайда, мәжбүрлі түрде бүкіл мүлкі саудаға шығарылады деді. Негізі сұралған өтемақы бұдан он есе көп болатын. Алайда, әйел 30 миллионды төлей алмайтын боп шықты. Әрі, оның да өсіп келе жатқан 3 баласы бары ескерілді. Десе де, соманың қысқарғанынан сотталушының қайғысы азая қойған жоқ. Сот залынан бірден колонияға баратынын естіген бойда жылап қоя берді. 

 

"Мен қылмыскер емеспін, мама! Мама, мен қылмыскер емеспін!" 

Мүгедек баланы өлтірген әйел жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болды. Жәбірленуші тарапқа бұл үкім жаққан. Алайда, қос ананың көз жасы бұл ананы да жылатты. 

"Әрине, аянышты, үш баласы бар. Оларға қарап өзімнің де жүрегім ауырып тұр. Не айтарымды білмей тұрмын", дейді көз жұмған баланың анасы Зарина Құттықожаева. 

Талғардағы сот залында интернатта болған сұмдық оқиға экранда көрсетілді>>

Алайда, атышулы іс жылап-сықтаумен бітпек емес. Іс біткенде барып, сіңілісіне араша түскен Жалымованың туған әпкесі енді интернаттағыларды сотқа беретінін айтты. Айтуынша, мүгедек балаларға жасайтын түрлі әрекеттерін жасырып қалу мақсатында бәрі де ауызбастырық ұсыныпты.  

"Әріптестерінің барлығы бастығынан қорқады. Аузын жауып тастаған бастықтары. Оларды түсінемін, жұмысымыздан айырылып қаламыз деп отыр  ғой. Бәрі келісіп алған. Жиналыс ашқан. Балаларды байлайтынын  бәрі біледі. Бәрі жауапқа тартылсын. Біз қайтадан шағымданамыз", дейді Дариға Зәкірова. 

Үкіммен келіспеген тарап апелляцияға жүгінді. Әрі мүгедек балаларға арналған интернатқа қарсы істі бастауға кірісіп те кетті.

Талғарда мүгедек баланы өлтірген тəрбиеші түсіністік танытуды өтінді>>

Шымкентте бір отбасыны қырып салған қанішер баланы да аямаған>>

Қарағанды облысында немересін өлтірген адамның баланы әбден қинағаны белгілі болды>>

1530
Кілт сөздер:
жәбірленуші, үкім, мүгедек, келіншек, Талғар
Саябақта серуендеп жүрген әйел

Қостанай облысында карантин жеңілдеді: тұрғындар нені білуі тиіс

48
Бұған дейін Алматы мен Қарағанды облысында карантин шаралары жеңілдетіліп, Бурабай мен Зерендіде суға түсуге рұқсат берілді

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Бүгіннен бастап Қостанай облысында шектеу шаралары жеңілдетілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Шұғыл штабтың шешіміне сәйкес, бүгіннен бастап 500 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендері ашылады. Ал одан үлкен сауда орындары  "клиентке дейін жеткізу" форматында істей береді.

Бұдан бөлек, саябақтар және сол жерде орналасқан сауда орындары ашылады. Бірақ аттракциондар мен балалар алаңы, батуттар, велосипед және балалар ойыншықтарын жалға беру қызметі жұмыс істемейді.

Ал саябақ аумағына бір үйдің адамдары болмаса, үш адамнан артық топтасып кіруге болмайды. Адамдар арасындағы арақашықтық сақталуы тиіс.

Қаладағы қоғамдық көлік таңғы сағат 06:00 мен кешкі сағат 21:00 арасында жүреді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда карантин кезінде қандай мәселе ушыға түскені айтылды

Айта кетейік, бұған дейін Алматы мен Қарағанды облысында карантин шаралары жеңілдетілген болатын. Ал Ақмола облысы бойынша Бурабай мен Зерендіде суға түсуге рұқсат берілді.

48
Кілт сөздер:
Қостанай облысы, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
ДДҰ карантин режиміне қатысты мәлімдеме жасады
Министр карантин қандай жағдайда ұзартылатынын айтты
Қостанайда карантин режимін бұзған жолаушы полицейдің құлағын тістеп алды   
Қазақстанда тағы бір облыста карантин жеңілдетіледі
Тоқаев: үкімет карантин режимін сақтау шараларын күшейтуге міндетті
аурухана, коронавирус

"Балалар ауырып жатыр": әкімдік желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді

392
(Жаңартылды 17:22 10.08.2020)
Атырау облысының әкімдігі әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді

АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде Атырау облысы Мақат ауданында балалар коронавирус инфекциясымен ауырып жатыр деген ақпарат тарады. Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Әлеуметтік желілерде Атырау облысының Мақат ауданында балалар коронавирус инфекциясымен ауырып жатыр деп тараған ақпарат жалған", - делінген хабарламада. 

Мақат аудандық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Асұлан Әбдірахмановтың айтуынша, ауданда балалар коронавирус инфекциясымен ауырып жатқан жоқ.

"Ауданда балалар коронавирус инфекциясымен ауырып жатыр деген жалған ақпарат болып саналады. Қазір аурухананың провизорлық стационарында 11 адам емделіп жатыр, ішінде бір ғана бала бар. Он айлық нәрестеге суықтан пайда болған пневмония деген диагноз қойылды. Сәбидің жағдайы жақсы, жақында үйіне шығарылады", - дейді Әбдірахманов. 

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 99 442 адамға жетті. Пневмонияға шалдыққандар 13 280 науқас болды. Ресми статистикаға сүйенсек, коронавирустан 1269, ал пневмониядан 164 адам қайтыс болды. 

392
Кілт сөздер:
әлеуметтік желілер
Кісен, архивтегі сурет

Ресей Қазақстанға ұйымдасқан топ құрған адамды тапсырды

0
Есірткі Қазақстанға поштамен жіберілген. Бизнесті ұйымдастырушы құжаттарды қолдан жасағаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз - Sputnik. Ресей Қазақстанға есірткі контрабандасымен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топты құрған Қазақстан азаматы Стас Ларинды берді. Бұл туралы Ресейдің бас прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Ол қылмыстық кодекстің 264-бабы 1-бөлігі (трансұлттық ұйымдасқан топты құру, жетекшілік ету)
286-бабы 4-бөлігі (есірткі және психотроптық заттар контрабандасы), 297-бабы 4-бөлігі (есірткі және психотроптық заттарды заңсыз сату және сақтау) және 385-баптың 2-бөлігі (жалған құжат қолдан жасау) бойынша айыпталып отыр.

Ларин 2016 жылы есірткі контрабандасымен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топ құрған. 2017 жылдың қазан айына дейін жетекшілік етті.

Ларин 2019 жылдың желтоқсанында Новосибирск  облысында ұсталды. Жуырда Стас Ларин арнайы конвоймен Қазақстанға жеткізілді.

0