Павлодарда сәбилер балабақшаға саусақ ізі арқылы қабылданады

Павлодарда сәбилер балабақшаға саусақ ізі бойынша қабылданады

62
(Жаңартылды 15:14 27.06.2018)
Мектепалды мекемелер балаларды биометриялық деректері бойынша қабылдайды

АСТАНА, 25 маусым — Sputnik. Саусақ іздерінің негізінде жұмыс істейтін "Smart Павлодар" жүйесі пилоттық режимде қаладағы балабақшалардың бірінде іске қосылды.

Балабақшаға кіреберісте арнайы құрылғылар орнатылған, оған әуелі ата-ана саусағын қойып, кейін тәрбиеші де саусақ іздерін енгізуі тиіс. Осылайша жүйеде баланы әкелген-әкеткен уақыт сақталады, деп хабарлайды Sputnik pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.

Идентификация бойынша жасыл немесе қызыл түс жанады. Қызыл түс баланың медициналық анықтамасы жоқтығын немесе ақысы уақытылы төленбегенін білдіреді.

Бұдан бөлек, ата-ана мобильдік қосымшаны жүктеп алса болады.

BFGroup Inc компаниясының директоры Сергей Голышев айтқандай, бұрын балаларды балабақшаға қабылдау жүзбе-жүз жүргізілетін. Енді бұл процес автоматтандырылды. Қазір екі тілде дауыстық идентификация бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Алматыда балабақшаға электронды кезекке қалай тұруға болады?>>

Астанада сәби балабақшадан өз бетімен шығып, суға кете жаздаған>>


62
Кілт сөздер:
қабылдау, балабақша, цифрландыру, саусақ ізі, Павлодар
Загрузка...