Аптап

40 градус: Маңғыстауда аптап ыстық қашан басылады?

444
(Жаңартылды 10:08 04.07.2018)
Синоптиктердің болжауынша, еліміздің батысында аптап әлі екі күн қайтпайды

АСТАНА, 2 шілде — Sputnik. Маңғыстау облысында ауа райы 40 градус ыстық.

Жаз
© Sputnik / Анатолий Устиненко

Өткен жексенбіде Ақтауда сынап бағанасы плюс 40 градусқа дейін көтерілді. Аққұдық ауылында ауа температурасы 46 градусқа дейін жетсе, Қызан және Жаңаөзенде 45 градус болды.

Маңғыстау облысы бойынша "Қазгидромет" мамандарды айтқандай, аптап әлі екі күн бойы қайтпайтын көрінеді. Синоптиктер ауа температурасы 46 градусқа дейін көтеріледі, деп болжайды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, еліміздің батысында шілде айының алғашқы жартысында күн қапырық ыстық болады. Ал екінші он күндіктің басында солтүстік өңірлерден келетін белсенді циклонның әсерінен ауа райы жаңбырлы болып, температура нормадан төмендейді.

 

Публикация от ladakz (@ladakz) 1 Июл 2018 в 11:25 PDT

 

444
Кілт сөздер:
аптап ыстық, синоптиктер, өңірлер, ауа райы, Маңғыстау облысы
Загрузка...