WhatsApp

Шымкентте педофилдің видеосын таратқан адам 7 жылға сотталуы мүмкін

3518
(Жаңартылды 19:27 05.07.2018)
Полиция видеоны тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Кадрларды интернетке салған адам жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

АСТАНА, 5 шілде — Sputnik. Түркістан облысының тәртіп сақшылары педофилдің балаға шабуылдаған сәті түсірілген видеоны интернетке салған адамды іздеп жатыр.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тұрғын үйдің кіреберісіндегі бейнебақылау камерасының кадрлары таралған болатын. Ер адам балаға шабуылдап, көрші әйел үйге кіріп келген кезде қаша жөнелген. Кейінірек күдікті ұсталды. 

Sputnik 31 арнаға сілтеме жасап хабарлағандай, қазіргі таңда тәртіп сақшылары шабуылдың кадрларын жариялаған адамды іздеп жатыр. Қылмыстық іс қозғады. Видеокадрларды таратқан адам жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

Телеарна бала есін жия бастағанын, алайда оқиғаны есіне түсіре алмағанын атап өткен. Дегенмен болған оқиғаны сұрастыра берсе, оның жағдайы нашарлап кетуі мүмкін.    

Әжесінің айтуынша, зардап шеккен баланы видеоролик арқылы таныған адамдар оған күн сайын қоңырау шалады екен. Ол таяуда мектеп басталатындықтан қазақстандықтардан видеороликті таратуды тоқтатуға шақырды. 

Қызылордада қызын қорлаған педофилдің туыстары араша сұрады>>

Шымкентте жас жігіт кішкентай қыздарды шешіндіріп, суретке түсірген>>

3518
Кілт сөздер:
видео, фейсбук, ватсап, полиция, педофил, Шымкент
Шаңды дауыл

Бұршақ жауады дүйсенбі күні ауа райы қандай болады

1536
(Жаңартылды 20:03 20.09.2020)
Елдің басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонның әсері сезіледі. Жаңбыр мен бұршақ жауатыны хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек  — Sputnik. Қазақстанда 21 қыркүйекте оңтүстікте шаңды дауыл болады, орталықта - дауыл, оңтүстік-шығыста - тұман.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола облысының басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысында да жел күшейеді, екпіні секундына 23-28 метр.

Қарағанды облысында күн күркіреп, жаңбыр мен бұршақ жауады.

Атырау, Павлодар, күндіз Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, Павлодар облысында 23 м/с-ке жетеді.

Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, шаңды дауыл.

Түркістан облысында да шаңды дауыл болады.

Батыс Қазақстан облысында түнде найзағай ойнайды.

Жамбыл облысында тұман, күн күркірейді, жел күшейеді.

Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облысында өрт қаупі жоғары.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада жауын-шашын болады, түнде +8..+10 градус, күндіз +14..+16 градус.

Алматыда күн ашық. Түнде +9..+11, күндіз +24..+26 градус.

Шымкентте 21 қыркүйекте жауын-шашынсыз. Түнде +10..+12 градус, күндіз +25..+27.

1536
Дельтаплан, иллюстративті фото

Маңғыстауда дельтапланмен ұшқан ер адам жартасқа соғылды видео

884
(Жаңартылды 13:05 20.09.2020)
Құтқарушылар альпинистік құрылғылардың көмегімен ер адамды жардан төмен түсіріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстауда дельтапланмен ұшқан ер адам құлап, екі қолын сындырып алды.

Аймақтық инАктау басылымының хабарлауынша, оқиға өткен сенбі күні Шопан ата қорымына жетпей, Қарақия аймағындағы жартастардың бірінде болған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадіровтің айтуынша, төтенше жағдай туралы хабарлама сағат 18:12-де түскен. 

"Дельтапланмен ұшу кезінде 1988 жылы туған ер адам жартасқа соғылып, жарақат алған. Атап айтқанда, екі қолы сынғандықтан, ол оқиға орнынан өздігінен қозғала алмаған. Бізге түскен хабарлама негізінде Жаңаөзен қаласының №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бес құтқарушысы көмекке жұмылдырылды", – деді бөлім басшысының орынбасары.

Құтқарушылар альпинистік құрылғылардың көмегімен ер адамды жартасты қиядан төмен түсіріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Оқи отырыңыз: Орал маңында қолдан жасалған ұшақ құлады – ұшқыш қаза тапты

884
Кілт сөздер:
Маңғыстау облысы, оқиға
Тақырып бойынша
Алматы маңында SCAT ұшағына құс соғылды – оқиғаның мән-жайы
"Қытай ұшағы радиоактивті зат шашып жүр": ақпаратқа түсініктеме берілді
Навальный мінген ұшақ шұғыл түрде Омбыға қонды – оппозиционер комада жатыр
"Ұшақты атқылаған": үш жыл бұрынғы әуе апатына қатысты жаңа дерек шықты
Путинді ақтырналармен бірге ұшуға үйреткен пилот қаза болды
Ұшақ, аспан

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы жанданады

0
Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана жүзеге асырылды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. Ресей өз аумағына Қазақстан азаматтарының кіруіне рұқсат берді. Шектеу коронавирустың таралуына байланысты енгізілген болатын.

"Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Корея елдерінің азаматтарына және осы елдерде тұруға ықтиярхаты барларға Ресейге әуе өткізу пунктері арқылы кіруге рұқсат етіледі. Ресейліктер де бұл елдерге емін-еркін бара алады", - делінген Ресей үкіметінің сайтында жарияланған ақпаратта. 

Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана болды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек еді.

Рейстер аптасына бір рет жүзеге асырылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы 21 қыркүйекте жанданады.

0