қыз

Қостанайда жоғалған 14 жастағы алматылық қыз Көкшетаудан табылды

376
(Жаңартылды 15:14 14.07.2018)
Екі күн бұрын Қостанайда жоғалып кеткен қыз аман-есен табылды

ҚОСТАНАЙ, 13 шілде — Sputnik. Қостанай полицейлері жоғалып кеткен 14 жастағы қызды Көктшетаудан тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Қостанай қаласы ішкі істер басқармасының қызметкерлері із-түзсіз жоғалып кеткен 14 жастағы қыздың қайда екенін анықтады", — деп хабарлады Қостанай облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Оқушы қыз 11 шілдеде үйден шығып, белгісіз бағытта кетіп қалған. 

"Іздеу шаралары кезінде кәмелет жасына толмаған қыз Көкшетау қаласынан табылды. Ол жаққа Қостанай полицейлері шықты, қыз жуық арада үйіне жеткізіледі", — деді полициядағылар. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдан Қостанайға қонаққа барған қыздың 11 шілде күндіз Әл-Фараби даңғылындағы үйінен шығып, қайтып оралмағаны хабарланған еді. 

Астанада жағажайда қыздырынған қыздың суреті жұрттың ашуына тиді

Жыныс мүшесіне телефонның сымын тығып көрген жасөспірім масқара болды

376
Кілт сөздер:
жасөспірім қыз, Көкшетау, Алматы, Қостанай
Загрузка...