Өңірлер

Синоптиктер 16 шілдеге дейін ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Болат Шайхиноваспан
аспан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
14-16 шілде арналған ауа райы болжамы

АСТАНА, 13 шілде — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды. 

Ауа райы болжамы эфирінде ит кадрға түсіп қалды - видео - Sputnik Қазақстан
Видео
Ауа райы болжамы эфирінде ит кадрға түсіп қалды - видео

"Тропосфералық процестердің қайта құрыла басталуы Сирия және Ирак аймағынан ыстық ауа массаларын Қазақстанның батыс бөлігіне және республиканың оңтүстігіне әкеледі", — деп хабарлайды синоптиктер. 

Оның ықпалынан ауа райы жауын-шашынсыз болады, температура плюс 40…43°С дейін қайта көтеріледі.

Ал республиканың шығыс бөлігіне Сібірден салқын және дымқыл ауа біртіндеп түсе бастайды. Сондықтан мұнда жылы ауа-райы сақталады, кей жерлерде найзағай, екпінді жел мен өткінші жаңбыр болжанады. 

Ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жақын болады, бірақ батыс облыстарда қалыпты нормадан 3…7°С жылырақ болады.

Жаңалықтар
0