Шымкент

Шымкент жүргізушілерінің куәлігінде жаңа әріп пайда болды

227
(Жаңартылды 20:23 13.07.2018)
Бұрын Оңтүстік Қазақстан облысын білдіретін "Х" латын әрпі енді Түркістан облысына тиесілі

АЛМАТЫ, 13 шілде — Sputnik. Мәртебесі бойынша Астана және Алматы қалаларымен теңестірілген Шымкенттің жүргізуші куәліктерінде жаңа әріп белгісі пайда болды. Бұдан былай құжатқа "Y" әрпі белгіленеді. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрінің 2018 жыл 20 маусымдағы бұйрығында айтылған.

"Бұйрық бүгін ғана жарияланды, өйткені 10 күн өткен соң ғана күшіне енеді, яғни 24 шілдеде", — деп мәлімет берді Қазақстан ІІМ әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы  Ирина Лукьянина-Костерева Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Шымкентте мемлекеттік нөмір де өзгереді. Бұдан былай "өңір" графасында 17 саны жазылмақ.

Осыған байланысты, министр бұйрығында айтылғандай, алдағы уақытта өңірлік әкімшілік полициясының тіркеу-эмтихан бөлімдерінің бүкіл қызметкері арнайы тағлымдамадан өтеді.

227
Кілт сөздер:
өзгерістер, жүргізуші куәлігі, Шымкент
Тақырып бойынша
Шымкентке жаңа әкім тағайындалды
Шымкенттің әкімі жергілікті мемлекеттік қызметкерлерді автобусқа отырғызды
Шымкенттің шеткі аудандарының тұрғындары оқшауланып қалды
Загрузка...