Өңірлер

Дауыл, бұршақ, найзағай: 7 облыста дабылды ескерту жарияланды

© AFP 2024 / JANEK SKARZYNSKIдабылды ескерту
дабылды ескерту - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдағы күндері республиканың бірқатар өңірінде сынап бағанасы 43-45°С дейін көтеріледі деп болжануда

АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. "Қазгидромет" РМК қатты жел мен аптап ыстыққа байланысты дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Синоптиктердің болжамынша, ертең күндіз Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін барады. Кей аймақтарда найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін.

аспан - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Синоптиктер 16 шілдеге дейін ауа райы қандай болатынын айтты

Петропавлда желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Найзағай ойнап, дауыл болады, бұршақ жаууы ықтимал.

"16-20 шілдеде Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде 40-42°С, Маңғыстау облысының кейбір аймағында сынап бағанасы 43-45°С дейін көтеріледі. 17-20 шілдеде Ақтөбе облысында ауа температурасы 41-43°С, Қарағанды облысының кей жерлерінде 40-43°С дейін жоғарылайды", — делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, Қостанай облысында да дабылды ескерту жарияланды. 14 шілде күні найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады деп болжануда. Күндіз кей жерлерде бұршақ күтіледі. Ал 18-20 шілде күндері Қостанай облысының кей жерлерінде 41°С ыстық болады.

Жаңалықтар
0