Түркістан

Қазақстан өңірлері Түркістанға бір-бір ғимараттан сыйға тартады

127
(Жаңартылды 10:16 14.07.2018)
Ғимараттар шығыс стилінде салынады және биіктігі Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен аспауы керек

АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, республиканың әр өңірі Түркістанға бір ғимарат салып береді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ОҚО-ға сапарға барған Нұрсұлтан Назарбаев
© Foto : пресс-служба акимата ЮКО/Максат Шагырбаев

Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани-мәдени орталығы ретінде дамыту бойынша өткен жиында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев 1500 жылдан астам тарихы бар Түркістанның өткенінен аз-кем сыр шертті. Қазақ хандығының астанасы болған бұл мекен бүкіл түркі әлемінің де  рухани-мәдени астанасы бола білгенін жеткізді. Сонымен қатар, аталған тарихи шаһарды Елбасының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанның рухани орталығы бағытында жандандыру жайына тоқталды.

"Түркістан қаласында бой көтеретін тұрғын үйлер көп қабатты болмайды. Себебі, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің биіктігінен аспауы керек. Барлық жерде мавзолей мүмкіндігінше көрініп тұруы қажет. Сондай-ақ, баспаналар Орта-Азиялық стильде, яғни көне дәуірдегі сәулетпен салынуы тиіс. Сонда елімізде, кем дегенде, бір қала осындай ескі келбетпен бой көтереді",-деді Түймебаев.

Облыс әкімі Елбасы тапсырмасы аясында республиканың әрбір облысы Түркістан қаласына бір ғимараттан салып, сыйға тартатынын жеткізді. Мәселен, Астана әкімі Әсет Исекешов "Астана" саябағын салу туралы ұсыныс білдірген.

Түркістан облысының тұрғындары құжатын қашан ауыстырады?

Сонымен қатар, жиын барысында аймақ басшысы қаласын туристер үшін қолайлы аймаққа айналдыру мәселесін де сөз етті. Ол мұнда жаңадан әуежай, теміржол вокзалы мен автовокзал, қонақ үйлер, дәмханалар салынатынын атап өтті.

Бұдан бөлек, әкім Қ.А. Яссауиға қатысты жарияланған құнды жәдігерлердің көптігінен болашақта арнайы Яссауи музейі салынатынын хабарлады.

127
Кілт сөздер:
ғимараттар, өңірлер, Түркістан облысы
Тақырып бойынша
Түркістан облысында әкім қоқыс тазалаушыларды жуындырып жүр
Түркістан облысында көне дәуірлердегі таңбалы тастар табылды
Түркістан облысында жасөспірім ақша үшін құрдасына оқ атты