Өңірлер

Шымкентте 2 жылға созылған тергеу аяқталды: сот алдына 30 полицей келді

© Sputnik / Александр Мазуркевич / Медиабанкке өтусотталушылар, архив суреті
сотталушылар, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдіктілерге қылмыстық кодекстің жеті бабы бойынша айып тағылып отыр

АСТАНА, 13 шілде — Sputnik. Бүгін Шымкентте облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 30 полицейдің үстінен қозғалған қылмыстық іске қатысты сот отырысы басталды. Бұл іске қатысы бар тағы 8 делдал жауапқа тартылып жатыр. 

Сотталушы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкентте бүтіндей бір отбасын аяусыз өлтірген жігітке сот үкімі шықты

Алғашқы сот отырысының өзінде-ақ қатысушылар көп болды. Тіпті күдіктілердің туыстары сот процесіне кіру үшін бірін-бірі таптап кете жаздады. Қатысушыларды түгендеген мамандар сот отырысын бір сағат кеш бастады, деп жазады otyrar.kz. 

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылдың шілде айында облыстық ІІД әкімшілік полициясының тіркеу-емтихан бөлімінде арнайы операция жүргізіліп, нәтижесінде басшысынан бастап 38 қызметкер ұсталған болатын.

Ұсталғандарға ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған жетекшілік етті, пара алды және берді, қызмет бабын асыра пайдалана отырып, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген айып тағылып отыр. Айта кетейік, қылмыстық іске қатысты тергеп-тексеру жұмыстары екі жылға созылған.

7 жылға сотталуы мүмкін: Шымкентте педофилдің видеосын таратқан адам іздестіріліп жатыр

Шымкентте жас жігіт кішкентай қыздарды шешіндіріп, суретке түсірген

Жаңалықтар
0