Тонаушы

Қостанайда тонаушылар үй иесіне электрошокермен шабуылдаған

65
(Жаңартылды 18:57 16.07.2018)
Қазір күдіктілер қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

ҚОСТАНАЙ, 16 шілде — Sputnik. Қостанайда қарақшылар өздерін коммуналдық шаруашылық қызметкерлері ретінде таныстырып, пәтер тонамақ болған, деп хабарлайды Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметі бойынша, полицияға жергілікті тұрғын хабарласып, пәтерін белгісіз біреулердің тонамақ болғанын жеткізген. Қарақшылар әуелі коммуналдық шаруашылық қызметкерлеріміз деп танысып, электрошокермен арам ойларын іске асырғысы келіпті. Жәбірленуші оларға қарсылық көрсетіп, ақыры тонаушылар оқиға орнынан қашып кетеді. 

Жедел іздеу шаралары нәтижесінде полиция күдіктілерді ұстады. Олар 31 жастағы әйел мен 37 жастағы ер адам екен.

Қазір аталған тұлғаларға қатысты ҚР ҚК "Қарақшылық" 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүріп жатыр. Бұл екеуінің былтыр тамызда Қостанай спорт кешенінен екі миллион теңгенің ұрлануына қатысы бар болып шықты. Күдіктілер қамауға алынған. 

65
Кілт сөздер:
электрошокер, тонаушылық, Қостанай
Загрузка...