Әлем кубогі

Футболдан чемпионат финалының есебін дәл тапқан Алматы тұрғыны 135 есе байып кетті

3588
(Жаңартылды 12:07 17.07.2018)
ӘЧ 2018 басталғанға дейін әйел адамның спортқа қызығушылығы болмапты. Бұл – өміріндегі алғашқы ұтысы

АЛМАТЫ, 16 шілде — Sputnik. Әлем чемпионатының жеңімпазын ғана емес, Франция-Хорватия матчының есебін де дәл тапқан Алматы тұрғыны аз ғана тіккен ақшасын (1000 теңге) еселеп, 135 мың теңге жеңіп алды.

Ресей азаматы Елена Рогожина Бішкектен Алматыға бірнеше жыл бұрын көшіп келген. Өмірін, айналасын өзгерткісі келіпті. Қалаға келген соң тұрмыстық техника мен электронды құрылғы сататын ірі компанияға жұмысқа тұрған екен.

Бұдан бұрын спортқа ешқандай әуестігі болмапты. Бірақ әріптесі букмекерлік кеңсенің түбіртегін көрсеткенде бәрі өзгереді. Германия – Оңтүстік Корея матчында 2:0 есебімен кәрістер жеңеді деп 2,5 мың теңге тіккен жігіт 300 мың теңге ұтысқа кенелген.

ӘЧ-2018 финалындағы үздік сәттердің видеосы

"Тіпті аздап ішім күйіп кетті", — дейді Елена Рогожина Sputnik тілшісіне. — "Мен не одан кеммін бе?" деп ойладым. Сөйтіп, букмекерлік кеңсеге келдік. Барлық мүмкін ұтысты қарап шықтым. Франция 6:0 есебімен жеңсе, мың теңгені жарты миллион қылып өсіріп алуға болатын еді. Бірақ, ештеңе білмесем де, мұндай жайттың болуы мүмкін емес екенін түсіндім. Франция 3:1 есебімен жеңетініне 1 мың теңге тіксем, бағым жанса, 23 мың теңге ұтар едім. Сондықтан, барлық болжамды қарап, 4:2 деген есепті таңдадым. Коэффициенті жақсы еді".

Елена қателеспепті. "Франция мені осылайша байытып жіберді", — дейді Елена олжаға кенелткен түбіртегін көрсетіп.

Букмекерлік кеңсе түбіртегі
© Photo : Куәгер ұсынған
Букмекерлік кеңсе түбіртегі
3588
Кілт сөздер:
ұтыс, футболдан әлем чемпионаты, Алматы
Иллюстративті фото

Қытаймен шекарада түсірілген видео жарияланды

9
"Нұр жолы" кеден бекетінде 30 шақырымға дейінгі кептеліс пайда болғаннан кейін арнайы тексеріс жүргізіліп, заңсыз ақша алғандар ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Нұр жолы" кеден бекетінің 8 лауазымды қызметкері ұсталған сәттің видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, ұлттық қауіпсіздік комитеті мен бас көлік прокуратурасы бірлесіп өткізген операция барысында "Нұр жолы" кеден бекетінде жұмыс істеген 8 лауазымды тұлға ұсталды. 30 шақырымға дейінгі кептеліс пайда болғаннан кейін арнайы тексеріс жүргізуге шешім қабылданған. Сол кезде Қытай Халық Республикасына көлік өткізгені үшін заңсыз ақша алынғаны анықталды.   

"Кеден бекетінің 6 лауазымды тұлғасы ұсталып, Талдықорған қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал 2 қызметкер өз кінәсін толық мойындауына байланысты ұсталған жоқ", - дейді тергеушілер.

Айта кетейік, бұған дейін бас көлік прокуратурасы "Нұр жолы" кеден бекетінде сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен мемлекеттік кірістер, сондай-ақ ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау органдары қызметкерлерінің ұсталғанын хабарлаған болатын.

Істі тергеу барысын бас көлік прокуратурасы бақылауға алды. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді, делінген ведомство хабарламасында.

"Адам басына 3 мыңнан алған": Шекарада орналасқан үйлердің тұрғындары ұсталды

9
Кілт сөздер:
видео, шекара, Қытай
Тақырып бойынша
Қазақстан мемлекеттік шекараны дронмен күзетуі мүмкін
Қазақстан транзиттік жүк көліктерін қадағалап отыратын болды
Шетелде емделетіндер шекарада қандай құжат көрсетеді
Қытаймен шекарадағы әскери техниканың не үшін шығарылғаны белгілі болды – видео
зейнеткер

Қостанайда зейнеткер бірге тұрып жатқан әйелдің 4 жасар немересін өлтірді

1681
65 жастағы Қарасу ауданының тұрғыны мас күйінде жантүршігерлік қылмыс жасады, ол 20 жылға сотталуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз  – Sputnik. Қостанайда қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта онлайн режимде төрт жасар баланың өліміне қатысты іс қаралды.

Прокурор күдіктіні 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды alau.kz.

Жантүршігерлік оқиға Қарасу ауданында биыл 17 наурызда болған. Аудандық полицияның кезекші бөліміне төрт жасар баланың денесі табылғаны туралы хабарлама түседі. Оқиға орнына келген полицейлер 65 жастағы ер адамды ұстайды.

Төрт жасар баланы өлтірген күдікті
© Photo : alau.kz
Төрт жасар баланы өлтірген күдікті

Ол мас күйінде сұмдық қылмысқа барған. Зейнеткер бірге тұрып жатқан әйелдің немересін алдымен ұрып-соғып, одан кейін қырық литрлік ыдыстың ішінде суға батырып өлтірген.

Оқи отырыңыз: Басын кесіп тастаған: Риддерде жас қыз жантүршігерлік қылмыс жасады

 

1681
Кілт сөздер:
зейнеткер, Қостанай