Өңірлер

Өскеменде өз-өзіне қол салмақ болған әйел құтқарылды - видео

CC0 / / Әйел
Әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір полиция аталған дерек бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары әйелді мұндай қадамға не итермелегенін анықтайды

АСТАНА, 17 шілде — Sputnik. Полицейлер Өскеменде көпірден секірмек болған әйелді тоқтатты.

Әйел адамды құтқарған сәтінің видеосын Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі жариялаған.

14 шілде күні әйел адамның Үлбі өзеніндегі көпірден секіргелі тұрғанын қасынан өтіп бара жатқан адам хабарлаған. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері әйелдің көпір сүйенішінен өтіп, төменге секіргелі тұрғанын көреді.

Тәртіп сақшылары Рустам Ағыбаев пен Жасұлан Бекболатұлы оны әңгімеге тартып, алдаусыратып, жақындайды да, қолынан шап беріп ұстап, сүйеніштен бері қарай шығарып алады.

Қазір полиция аталған оқиғаға қатысты тергеу жүргізуде. Тәртіп сақшылары әйелді мұндай қадамға не итермелегенін анықтауы тиіс.

Астанада ер адам шатырдан секірмек болды

Петропавлда полиция өз-өзіне қол салмақ болған адамды құтқарды

Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болған

Жаңалықтар
0