Ер адам

Қостанайда тыр жалаңаш көшеде жүрген ер адам жауапқа тартылды

80
(Жаңартылды 12:33 19.07.2018)
Көшеде тыр жалаңаш жүрген ер адам қостанайлықтардың ашуын туғызды

ҚОСТАНАЙ, 18 шілде — Sputnik. Қостанай тұрғыны көшеде жалаңаш жүргені үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Қостанай облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Оқиға 12 шілдеде болған. Лыпасыз жүрген ер адам көшеде серуен құрып жүрген – оны көрген куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салған екен.

Өңір полициясы хабарлағандай, тәртіп бұзушы "Бұзақылық" бабы бойынша әкімішілік жауапкершілікке тартылған. Ер адам 56 жаста. Бұл бап бойынша 200 бен 500 АЕК аралығында айыппұл төлеуге, қоғамдық жұмыс істеуге міндеттеледі немесе бостандығы шектеледі.

Алматыда шілденің басында өзен жағасында тыр жалаңаш жүрген ер адам әйелдерді шошытқан. Қала полициясы оны іздеп жатыр.

Шығыс Қазақстанда жалаңаш жүрген бойжеткен видеоға түсіп қалды

80
Кілт сөздер:
тыр жалаңаш, ер адам, Қостанай
Загрузка...