Қаскелеңдік тиін

Қаскелеңде алматылық алып тиіннің сыңары пайда болды

173
(Жаңартылды 14:10 19.07.2018)
Студенттер алматылық тиіннің егізін жасап шығарған, алайда түп нұсқамен салыстырғанда бұл тиін су тегін болып шықты

АЛМАТЫ, 18 шілде — Sputnik. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенттері алматылық алып тиіннің көшірмесін жасап шығарды. Мүсін Алматы облысы Қаскелең қаласындағы агросаябаққа қойылған.

Қаскелең Алматы қаласының шекарасынан 10 шақырым жерде орналасқан. Мүсінді сәрсенбі 18 шілдеде өтетін Егістік күніне орай жасапты.

"ҚазҰАУ" студенттерінің бастамасына Қазақ егіншілік институты қолдау білдірді. Материал жетіспеушілігі болған жоқ – тәжірибе егістіктерінде тазалық жұмыстары жүріп жатыр", — деп мәлімет берді ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов.

Қаскелеңдік тиінді жасауға бірде-бір теңге жұмсалмады.

Түпнұсқа тиіннің құны – 23 миллион теңге, 15 миллионы қалалық бюджеттен төленген.

Алматыда жамбас ізі салынған жаңа мүсін пайда болды

Алматылық алып тиін сатылымға шығарылды

173
Кілт сөздер:
өнер туындысы, ауыл шаруашылығы, мүсіндер, тиін, Қаскелең, Алматы облысы, Алматы
 Архивтегі фото

Ақтауда жоғалып кеткен ер адам полицияға өзі келді видео

1474
(Жаңартылды 15:11 08.08.2020)
Ол 5 тамыз күні таңертең өз еркімен үйден шығып кетіп, екі тәулік далада түнеп, үшінші күні үйіне қайтуға шешім қабылдаған

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Ақтау полиция басқармасына Абловас Жұмаевтың өзі келді. Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Екі күн бұрын іздеу салынған Абловас Жұмаев полиция басқармасына 8 тамызға қараған түні сағат 03:00 келді, деп жазды Лада.  

Өзінің айтуынша, ол екі тәулік далада түнеп, үшінші күні үйіне қайтуға шешім қабылдаған.

"5 тамыз күні таңертең сағат 8 шамасында өз еркіммен үйден шығып кеттім. Өзімді оқшаулағым келді", - дейді ол.

Ведомствоның баспасөз қызметі қазіргі уақытта Абловас Жұмаевтың денсаулығы жақсы екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Түркістанда жоғалған бойжеткеннің екі апта бойы не істегені белгілі болды 

Бұған дейін Жұмаевтың әйелі Айгүл Ақбердиева күйеуін біреулер ұрлап кетуі мүмкін екенін айтқан.    

1474
Кілт сөздер:
полиция, Ақтау
Тақырып бойынша
Атырауда жоғалып кеткен бір жарым жасар сәби өлі табылды
Нұр-Сұлтанда екі апта бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
Төрт ай бұрын жерленген ер адам жұрттың зәресін ұшырды
Ақмола облысында жоғалған жасөспірімнің 9 жыл бойы қайда жүргені белгілі болды
Алматыда полицейлер екі баланы түні бойы іздеді
Талдықорғанда бутик иелері сауда үйін ашуды талап етті

Талдықорғанда 40-қа тарта кәсіпкер билікке талап қойды

573
(Жаңартылды 14:13 08.08.2020)
Әкімдік пен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері карантиннің күшейтілуіне наразы кәсіпкерлермен кездесті

ТАЛДЫҚОРҒАН, 7 тамыз – Sputnik. Талдықорғанда сауда үйлеріндегі бутиктердің иелері мен жалға алушылар карантинді жеңілдетіп, жұмыс істеуге рұқсат беруді талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 40-қа жуық кәсіпкер санитар дәрігердің соңғы шешіміне наразылық білдірді, онда тек құрылыс материалдары мен автокөлік бөлшектерін сататын орындар ғана жұмыс істейтіні айтылған.

"Шаған", "Евразия", "Әлдибек" сауда үйлеріндегі бутиктердің иелері мен жалға алушылар,  Талдықорғандағы Арбат жабық базарындағы саудагерлер пикет ұйымдастырды. Облыстық СЭС басшылары мен қала әкімдігінің өкілдері ашуланған кәсіпкерлермен кездесті. Құқық қорғаушылар қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалады.

Владельцы бутиков требуют открыть торговые дома в Талдыкоргане
© Photo : Жанна Етекбаева
Талдықорғанда бутик иелері сауда үйін ашуды талап етті

"Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Асхат Шарапиев соңғы қабылданған қаулылардың талабын түсіндірді. Жиналғандарға сондай-ақ өңірдегі коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық жағдай туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді", -  деп жазылған облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Санитар дәрігердің қаулысына енгізілген өзгертулерге сәйкес, 6 тамыздан бастап барлық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар жабылды.

Оқи отырыңыз: Ақорданың маңына жиналған бір топ адам кредиттің кешірілуін талап етті 

Санитар дәрігер түсіндіргендей, нысандардың қожайындары әкімдіктер жанындағы бақылау топтарына сауда орнын ашуға дайын екені туралы өтініш беріп, олар бекіткен актіні алуы керек. Дайындық актісін алған нысандарға карантинді біртіндеп жеңілдету кезінде ғана жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Кездесу барысында қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ.

573
Кілт сөздер:
билік, Талдықорған
Тақырып бойынша
Әкімдік жұрттың наразылығын тудырған видеоға түсініктеме берді
Ақтау тұрғындары алаңға шықты - видео
Ливанға аттанып бара жатқан Қазақстанның әскери дәрігерлері

Қазақстандық әскери дәрігерлер Ливан астанасына аттанды

0
Ливан астанасына аттанған әскери дәрігерлердің көпшілігі ағылшын тілін жетік меңгерген мамандар

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті – Қарулы күштер бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай, Қарулы күштердің жеке құрамынан құралған әскери дәрігерлер тобы Ливан астанасына аттанды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

29 медицина маманы мен 4 аудармашы бар топ Нұр-Сұлтан – Ақтау – Бейрут бағыты бойынша ұшты.

"Бүгін таңертең Бейрут портындағы жарылыс салдарынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін әуе қорғаныс күштерінің әскери-көліктік авиация ұшағы Ливан астанасына аттанды. Әскери медицина қызметкерлерінің мақсаты зардап шеккендерге білікті медициналық көмек көрсету болып табылады", – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, топ құрамында жоғары білікті хирургтер, травматологтар, нейрохирургтер, анестезиолог-реаниматологтар, сондай-ақ хирургиялық салаға бейімделген орта медициналық персоналдар бар. Олардың көпшілігі ағылшын тілін жетік меңгерген.

Елдегі Covid-19 эпидемиясына байланысты топ құрамына инфекционист және терапевт дәрігерлер қосылмады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін Ливан президентіне қоңырау шалды

Айта кетейік, 4 тамыз күні Ливан астанасында әскери-теңіз күштерінің базасына жақын орналасқан Бейрут портының маңында қуатты жарылыс болып, 150-ден астам адам қаза болды. Бес мыңға жуық адам жарақат алды. Алайда, ауруханаларда орын жетіспеуінен зардап шеккендер стационар жағдайында ем қабылдай алмауда.

0
Кілт сөздер:
әскерилер, көмек
Тақырып бойынша
Тоқаев әскери жағдайда өзінің өкілеттігін кеңейту мәселесін заңдастырды
Ақмола облысында әскери дәрігер пневмониядан көз жұмды
Әскери роботтар өндірісіндегі серпіліс
Ресейдің әскери дәрігерлері Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы госпитальдерде жұмысқа кірісті
Нұр-Сұлтанда иттің үргеніне ашуланған әскери қызметкер ерлі-зайыптының зәресін алды