Жансақтау

Ақтөбе жағажайында құм астында қалған сәби жансақтау бөлімінде жатыр

70
(Жаңартылды 12:36 25.07.2018)
Қазір аталған дерек бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалған

АСТАНА, 24 шілде — Sputnik. Ақтөбеде жағажайда құмды топырақтың опырылуынан зардап шеккен 10 айлық қыз, дәрігерлердің сөзіне сүйенсек, бір қалыпты ауыр хәлде жатыр, деп хабарлайды Sputnik "Хабар 24" телеранасына сілтеме жасап.

Бұдан бұрын хабарланғандай, оқиға жексенбі күні 12.47-де Ақтөбе су қоймасындағы "Інжу" атты жеке меншік жағажайда болған. 2016 және 2017 жылдары туған екі қызды құтқарып алды, екеуі де жарақат алып, ауруханаға жатқызылған.

Жағажайдағы төтенше оқиға: жасөспірім екі қарындасын құтқарамын деп опат болды

"Бала сынық жарақатын алып, ішкі органдарына зақым келген, жарақатының ауырлығын ескере отырып, сәбиді жансақтау бөліміне жатқыздық, оған шокқа қарсы терапия жасалды. Баланың көрер жарығы бар екен, қасында болған анасы соққының негізгі күшін денесімен көлегейлеп, сәби жай ғана топырақ пен құмға көміліп қалыпты", — деп мәлімет берді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Сағидолла Досмағамбетов.

  • Ақтөбеде жағажайда құмды топырақ опырылды
    Ақтөбеде жағажайда құмды топырақ опырылды
    © Photo : предоставлено КЧС МВД РК
  • Ақтөбеде жағажайда құмды топырақ опырылды
    Ақтөбеде жағажайда құмды топырақ опырылды
    © Photo : предоставлено КЧС МВД РК
1 / 2
© Photo : предоставлено КЧС МВД РК
Ақтөбеде жағажайда құмды топырақ опырылды

Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма басшысы Айбат Жаңабергенов телеарнаға хабарлағандай, аталған іс бойынша барлық материалдар Ілек ішкі істер бөліміне жіберілген, жедел тергеу шаралары атқарылып жатыр. Тергеу нәтижесінде айыпты тұлғалар белгілі болады.

70
Кілт сөздер:
сараптама, тергеу амалдары, полиция, аурухана, 10 айлық сәби, зардап шегуші, жансақтау бөлімі, төтенше жағдай, топырақ, жағажай, Ақтөбе
Тақырып бойынша
Павлодар облысында жұмысшы топырақ астында тұншығып қалды
"Қазақмыс" шахтасында бір кенші топырақ астында қалып, қаза тапты
Ақмола облысында слесарь топырақ астында қалды
Загрузка...