Ақтөбедегі 52 өзбектің өліміне байланысты сот ісі

Ақтөбедегі 52 өзбектің өлімі: автобус жүргізушісі сотта оқиғаның қалай болғанын айтты

1578
(Жаңартылды 13:47 25.07.2018)
Сотталушылар қатарында үш жүргізуші бар, олар бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

АҚТӨБЕ, 24 шілде — Sputnik. Ақтөбе облысында биыл қаңтар айында тірідей өртеніп кеткен 52 өзбекстандыққа қатысты сот ісінің бастапқы тыңдауы өтті, деп хабарлайды Sputnik тілшісі.

Қайғылы оқиға 18 қаңтарда сағат 10.30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара-Шымкент тас жолының 1068-ші километрінде Қалыбай ауылына жақын жерде болған еді. 57 жолаушы мінген автобустан өрт шығып, 52 адам қаза тапты – бәрі Өзбекстан азаматтары. Аман қалған үш жүргізуші – қазақстандықтар, тағы екі өзбек азаматы да өлім аузынан қалған.

Жүргізушілер Барат Таңатаров, Нұржан Қырғызбаев және Мақсат Пернебеков өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, көліктік құралдарды пайдалану ережелерін сақтамау салдарынан екі немесе одан да көп адамның қаза табуы бойынша айыпталған. Қылмыстық іс 52 томнан тұрады, 100-ден астам адам жәбірленуші ретінде тіркелген. Өртеніп кеткен сегіз жолаушының өкілдері жүргізушілерден моральдық шығын талап еткен: 600 бен 800 мың теңге аралығында.

Мақсат Пернебеков пен адвокаты
© Sputnik / Дмитрий Матвеев
Мақсат Пернебеков пен адвокаты

Сот 52 жолаушысымен өртеніп кеткен автобус жүргізушілеріне қаулы шығарды

Жүргізушілермен бірге сотталушылар қатарында кепілмен босатылған тағы екі адам бар: Бахадир Бердібаев – автобусты рейске шығаруға рұқсат берген механик – оған техникалық ақауы бар автобусты бағдарға жіберді деген айып тағылды және жанып кеткен автобусқа иелік ететін тасымалдаушы фирманың басшысы Нұрлыбек Телепбаев. Заң нормасы бойынша жұмысшылардың әрекеті үшін ол да жауап беруі тиіс.

52 өзбек өртеніп кеткен автобустың иесі қашып жүр

Екі сотталушы кінәсін жартылай мойындады – Нұржан Қырғызбаев пен Мақсат Пернебеков.

Қырғызбаевтың айтуынша, қаралы күні жанармай бекетінде автобусқа сапасыз қысқы солярка құйғандықтан, көліктің қозғалтқышында жанармай қатып қалыпты. Сол себепті жолдың шетіне тоқтауға тура келеді. Автобус жүргізушілері жолай өтіп бара жатқан көліктерден жәрдем күтеді. Тергеу барысында Қырғызбаев айтып бергендей, автобустың іші тез суыта бастайды. Сол кезде жүргізушілер көліктің моторын дәнекерлеуші шаммен жылытпақ болады, бірақ Мақсат Пернебеков бұл ойдың өте қауіпті екенін айтып, бас тарқан көрінеді. Қырғызбаев жолаушыларды аяп кетіп, дәнекерлеуші шамды жағып, адамдар біраз жылынып алсын деген оймен автобустың ішіне қояды.

Нұржан Қырғызбаев
© Sputnik / Дмитрий Матвеев
Нұржан Қырғызбаев

Сол кезде жүргізушілер қастарынан өтіп бара жатқан автобусты байқап қалып, салоннан атып шығып, көмек сұрауға ұмтылады. Дәл сол автобустың жүргізушісі Setra автобусының ішінен түтін шыққанын байқаған екен. Қырғызбаевтың айтуынша, өрт жолаушылар арасындағы жанжал салдарынан шыққан. Жолаушылардың бірі ашуға булығып, дәнекерлеуші шамды теуіп қалады, салдарынан автобус өртене бастайды. Сол жолаушы өрттен аман қалғандардың бірі екен. Дәрігерлердің мәліметінше, оның аяғы күйіп қалыпты.

Қазақстандықтар өртеніп кеткен автобуста қаза тапқандардың отбасына жәрдем берді

Жүргізушілер есікті ашқанда, автобус ішіне оттегі кіріп, өрт одан бетер лапылдап жана бастайды. Соның кесірінен жолаушылар автобустан шыға алмаған. Әрі көліктің ішінде жүк те көп болыпты. Екі қабатты автобустың жоғарғы қабатында жолаушылар отырады да, ал бірінші қабатына жүк тиеген. Жеті минут ішінде көліктің түгі қалмай жанып кетті.

Сотталушылардың адвокаттары соттың Ырғыз ауылында емес, Ақтөбеде өтуін сұрап, өтініш білдірді.

Адвокат Нұржамал Әжіғалиеваның сөзіне сүйенсек, заңға сәйкес істің тергелуін сотталушыларға айып тағылған жерде, яғни Ақтөбеде өткізуге болады.

"Бұдан бөлек, Ақтөбеден 600 шақырым жердегі Ырғыз ауылына қайта-қайта баруға тура келеді. Сотқа қатысуға ниет білдірген жеті жәбірленушінің өкілдерін ойлаңыздар. Олар Өзбекстаннан келуге мәжбүр. Сонымен қатар, қамауға алынбаған сотталушылар да адвокаттармен бірге Ырғызға келуі тиіс. Ауылда адамдарды орналастыратын қонақ үй де жоқ", — деді адвокат Серік Махамбетовке.

Сот істі Ақтөбеде өткізуден бас тартып, келесі отырысты жетінші тамызға белгіледі. Алайда қорғаушылар бұл шешімге келіспей, облыстық сотқа шағым түсірмек. Олардың айтуынша, қоғам назарына іліккен істі шу шығармас үшін әдейі ауданда өткізгелі отыр. Оның үстіне, қорғаушылардың істі тергеген прокурорлар мен тергеушілерге де қояр сұрағы аз емес. Мәселен, автобус ішінде дәнекерлеуші шамды теуіп құлатқан жолаушы неге сотталушылармен бірге сот алдына келмеді? Тағы бір айта кететін жайт, бекеттердің бірінде автобус құжаттарын тексерген жол полициясы қызметкерінен тергеу барысында жауап алыныпты. Ол істің куәгері болып тіркелген екен. Ал бұл жайында адвокаттар бейхабар болған көрінеді.

52 адам өртеніп кеткен автобустан түрлі дыбыстар шығады — күзетші

1578
Кілт сөздер:
сот ісі, автобус өрті, 52 адам, Өзбекстан азаматтары, автобус жүргізушісі, Ақтөбе облысы
Тақырып бойынша
Ақтөбедегі автобус өртінде қаза тапқандар Өзбекстанда жерленді
Өзбекстан билігі Ақтөбедегі трагедияға не себеп болғанын айтты
Ақтөбедегі трагедия: заңға тасымал талабын күшейтетін өзгерістер енгізілмек
Алаяқтар Ақтөбедегі трагедияны баю мақсатында пайдаланғысы келген
Ақтөбедегі автобус өрті: полиция жүргізушілерден жауап алып жатыр
Назарбаев Ақтөбедегі трагедияға байланысты Мирзиёевке көңіл айтты
Зертхана

Қайғылы оқиға болған Аягөздегі интернатта коронавирус табылды

105
Шенеуніктердің сөзіне қарағанда, коронавирустық инфекцияны балалар алып келген. Біреуі демалыста ата-анасымен бірге болса, екіншісі Өскемен қаласына барып келген

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласындағы интернетта коронавирус табылды. Ал мамыр айында осы мекемеде төрт бірдей бала қызылшадан қайтыс болған еді, деп хабарлады "Еуразия Бірінші арнасы".

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаевтың айтуынша, коронавирус инфекциясын жұқтырған балалар интернаттан тыс жерде болған.

"Балалардың біреуі демалыс кезінде ата-атасымен бірге болған. Ал екінші бала Өскемен қаласындағы психикалық денсаулық орталығында жатып келген. Екеуі де үлкен топтың балалары. Бұл паллиативті топ емес. Осы балалармен қарым-қатынаста болған тәрбиешілер мен күтушілер мекемеден тыс жерде оқшауланып отыр", - дейді Сәрсебаев.

Ал мамыр айында болған жағдай бойынша тергеу шаралары әлі аяқталған жоқ. Оны балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Аружан Саин қадағалап отыр. Осы істі ішкі істер минстрлігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жеке бақылауға алды.

Интернаттағы балалар өлімі

18 мамырда Аягөз қаласындағы психоневрологиялық патологиясы бар балаларға арналған интернат тәрбиеленушілері қызылшадан қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Ондаған бала инфекциялық ауруханаға түскен. Бірнеше балада ішек инфекциясы анықталып, төртеуі қайтыс болды.

Екі күннен кейін шенеуніктер тергеудің нәтижесін жариялады. Оған сәйкес, төрт баланың туа біткен аурулары асқынып, сәуір айында әртүрлі уақытта қайтыс болған. Мәселен, 2008 жылы туған бала 2 сәуірде қайтыс болса, одан бір жас кіші тағы бір ер бала 11 сәуірде көз жұмды. 20 сәуірде 2006 жылғы бала, ал 29 сәуірде 2012 жылы туған қыз қайтыс болды. Төртеуінен де ата-анасы бас тартқан.

Оқи отырыңыз: Аягөзде төрт бала көз жұмды: министр қандай тапсырма берді

Аягөз облыс орталығы – Өскемен қаласынан 310 шақырым шалғай жерде орналасқан. Балалар омбудсмені Аружан Саинның айтуынша, мекеме алыс орналасқаннан кейін қоғам белсенділері үшін оны бақылап отыру қиын. Осыған байланысты омбудсмен шағын қалаларда орналасқан интернаттарды орталық қалаларға көшіруді талап ететінін мәлімдеді.

105
Кілт сөздер:
коронавирус, балалар өлімі
Тақырып бойынша
Мүгедек балаларды азаптаған: Павлодарда орталық қызметкерлері сотталды – видео
Әбден әлсіреген балалар Қордай ауруханасына түсті: дәрігерлер мән-жайды айтты
"Өз бағасы 833 теңге": министрлік тест неге қымбатқа түсетінін түсіндірді
Қазақстанда балаларға жыныстық қатынас жайлы 3-сыныптан бастап айту ұсынылды
Аягөз – Семей тасжолында жолаушылар автобусы түгі қалмай өртеніп кетті
Қорғаныс құралы

Түркістан облысында желіде видео жариялаған дәрігер қызметтен қуылды

752
(Жаңартылды 10:14 02.07.2020)
Дәрігер "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасып, 7 жыл хирургия бөлімінің меңгерушісі болған

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Қызмет барысында пайдалану үшін жұмыс орнынан берілген сапасыз медициналық қолғаптарды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялағаны үшін Түркістан облысы Келес ауданындағы "Абай" ауруханасының хирургы Қайрат Сейдуәлиев жұмысынан қуылды, деп хабарлайды Отырар телеарнасы.

Видеода аурухана хирургі ота жасау үшін сапасыз қолғаптар берілгенін ашық айтқан.

Дәрігер аурухана әкімшілігінің жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ете алмай отырғанына елдің назарын аударып қана қоймай, мәселені шешеді деп үміттеніп, видео түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялаған.

Желіде қызу пікірталас тудырған видеодан кейін дәрігердің жұмыстан босатылғаны белгілі болды.

33 жастағы хирургтың айтуынша, ол осы ауруханада 8 жыл бұрын "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасқан. 7 жыл хирургия бөлімінің меңгерушісі болған.

Дәрігердің айтуынша, 2020 жылдың ақпан айында жаңа басшылық келгелі, ауруханада мамандарды негізсіз қудалау басталған. Сонымен қатар, ол медициналық жабдықтардың тапшылығы артқанын да алға тартады.

"Өте сапасыз қолғапты көрсеткенім үшін аурухана әкімшілігі мен бас дәрігер, оның орынбасарлары, кадр бөлімі бастығы, заңгер мен ауруханалар одағының төрағасы, шамамен 10 адам маған хаттама толтырды. Содан кейін үш минут ішінде олар мені жұмыстан босату туралы бұйрық әкелді",– дейді Қайрат Сейдуәлиев.

Аурухана әкімшілігінен қаржылық көмек сұрамадым, деген ол пандемия кезінде қорғаныс құралдарын берсін дегісі келген.

Ал аурухананың бас дәрігері керісінше айтады. Хирургтың жұмыстан шығарылуына бірнеше себеп бар. Жалған ақпарат таратудан басқа, пациенттің шағымын қарау нәтижелері бойынша шешім қабылданыпты. Сондықтан аурухана әкімшілігі дәрігерді жұмыстан шығаруға мәжбүр болған.

"Стационарда қолғаптар қол өлшемі бойынша беріледі және ол мұны өте жақсы біледі. Жауапты маманға жағдайды айтудың орнына, ол видео түсіріп, желіге жүктеді. 30 маусымда ол екінші бейне жариялады. Сонымен қатар, Қайрат Сейдуалиев 2020 жылдың ақпан айында сөгіс алған. 30 наурызда оның үш сағат бойы науқасқа ешқандай көмек көрсетпегені туралы шағым түсті",– дейді "Абай" ауруханасының бас дәрігері Аида Бексұлтанова.

Оқи отырыңыз: "Алып кет": бас дәрігер Ақтөбе ауруханасында түсірілген атышулы видеоға түсініктеме берді

Комиссия шешімімен келіспеген хирург енді президент пен облыстық денсаулық сақтау саласының басшыларынан араша сұрауға ниетті.

752
Кілт сөздер:
хирург, дәрігер
Тақырып бойынша
Коронавируспен түседі: Нұр-Сұлтанда бас дәрігер ауруханадан видео жариялады
"Сенеді деп ойлаймын": алматылық дәрігер үрейлі хабарлама таратты
Шымкентте әріптесін зорлаған дәрігер сотталып кетті
Бас санитар дәрігер қазақстандықтардың масканы дұрыс тақпай жүргенін айтты
Нұр-Сұлтанда медициналық көмек қалай көрсетіледі – дәрігер жағдайды түсіндірді
Ресейдің СІМ ғимараты

"Бізге дәлел қажет": Ресей New York Times мақаласына баға берді

0
Таяуда New York Times басылымы Ауғанстандағы Ресей мен тәлібтердің "келіссөзіндегі" "делдалды" атаған мақаласын жариялады

АЛМАТЫ, 2 шілде – Sputnik. Ресейдің сыртқы істер министрлігі Ресейдің тәлібтермен "сөз байласқанына" қандай да бір дәлел бар екеніне қатысты түсініктеме берді. Ресей Федерациясы президентінің Ауғанстандағы арнайы өкілі, Ресей СІМ екінші Азия департаментінің директоры Замир Кабуловтың айтуынша, мақалада тек бос айыптаулар жазылған.

"Бізге дәлел қажет, ал олар жоқ. Бұл бос пайымдау ғана", - деп мәлімдеді Кабулов Sputnik радиосына. 

Ол сондай-ақ, мақалада есімі аталатын контрабандист Рахмат Азизи жайлы ешқашан естімегенін айтты. Басылымның мәліметі бойынша, ол екі тараптың арасында бас делдал болған.  

Сонымен қатар Кабулов мақаланы оқып отырған кезде жауаптан гөрі сұрақ көп туындайтынын атап өтті.

"Жалған дүниені де мұқият дайындау қажет",- деп толықтырды ойын Кабулов. 

Айта кетейік, таяуда New York Times басылымы Ауғанстандағы Ресей мен тәлібтердің "келіссөзіндегі" "делдалды" атаған мақаласын жариялады. Мақала авторының айтуынша, делдал – контрабандист Рахмат Азизи деген азамат.

Бұған дейін NYT басылымы атауы көрсетілмеген арнайы қызметтерге сілтеме жасап, Ауғанстандағы америкалық сарбаздарға шабуыл жасағаны үшін Ресейдің тәлібтермен байланысы бар жауынгерлерге сыйақы ұсынғаны жайлы мақала жариялады. Алайда мақалада ешқандай дәлел көрсетілмеген.

"Талибан" қозғалысының өкілі Забиулл Муджахид америкалық басылымның бұл сөзін жоққа шығарды. Ал Трамп бұл мақаланы тапсырыспен жазылған болуы мүмкін деп бағалады.

0