Өңірлер

Дарья Махартованы өлтірген адам жайлы ақпарат үшін 500 мың теңге беріледі

© Photo : РixabayПодросток
Подросток - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қостанай облысында полиция 18 жастағы бойжеткенді аяусыз өлтіріп кеткен күдіктіні іздестіріп жатыр

АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Қостанай облысында 18 жастағы Дарья Махартованы өлтірген адам туралы ақпарат үшін сыйақы тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik.  

Өңірлік қылмыспен күреске көмек жөніндегі қордың төрағасы отставкадағы полиция полковнигі Владимир Головко тұрғындардан полицейлерге қылмысты ашуға жәрдем көрсетуді сұрайды. Қор қылмыс және оны жасаған адам туралы ақпарат үшін 500 мың теңге көлемінде сыйақы тағайындап отыр. 

қыз - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанайда із-түзсіз жоғалып кеткен бойжеткен өлі табылды

Қостанай облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдіктінің ұлты белгісіз, бойы 170-175 см, арық, жасы 25-30 шамасында, қара шашты. 

Үстіне ақ немесе ақшыл сұр түсті футболка, қошқыл түсті шолақ шалбар киген.  

Ақпаратты мына телефондар бойынша хабарлау керек: 102, 52-68-08,  52-60-21, 52-60-22, 52-60-54. 

Еске сала кетейік, Қостанай облысында Затобол елді мекенінің18 жастағы тұрғыны Дарья Махартова кешке жүгіруге шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Бойжеткеннің мәйіті келесі күні Қостанайдан Затоболға апаратын жолдың шетіндегі ағаш ішінен табылды. 

Бұл факті бойынша екі полицей ұсталды. Қазіргі уақытта тәртіп сақшыларына қатысты қылмыстық кодекстің 371-бабы "Салғырттық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0