Арман Құдайбергенов

Ауылдастары Денис Тенді өлтірді деген Арман Құдайбергенов туралы айтып берді

5159
(Жаңартылды 14:54 27.07.2018)
Sputnik тілшісі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтірді деген күдікті Арман Құдайбергеновтің туған ауылына барып қайтты. Күдіктінің ауылдастары біраз жайттың басын ашты

ҚЫЗЫЛОРДА, 26 шілде — Sputnik. Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтірді деген күдікті Арман Құдайбергеновтің туған ауылы Ақайдың халқы жаман аты шыққан ауылдастарынан түңіліп отыр. Sputnik тілшісіне берген сұхбатында ауыл тұрғындарының айтуынша, қайғылы оқиғаның түп-тамыры баласына дұрыс тәлім-тәрбие бере алмаған Құдайбергеновтер отбасында жатыр.

Арман Құдайбергеновтің отбасы

Денис Тенді өлтірді деген күдіктілердің бірі Арман Құдайбергенов Ақай ауылының тумасы болып шыққаны жергілікті халыққа оңай тимеген көрінеді.

"Тенді өлтірді дегендердің бірі Ақай ауылынан шыққанын жүрегіме жақын қабылдадым, — дейді Ақай ауылдық округінің әкімі Гүлсара Омарова. – Өйткені біздің жастарымыз салт-дәстүрге сай тәлім-тәрбие алып өскен, болашағынан зор үміт күттіреді, алдарына қойған мақсаты бар. Оның үстіне, ауылымыз алақандай, бәрі көз алдымызда. Бірдеңе бүлдірсе, ақсақалдар ақыл айтып, жөнге салады. Мұны естігенде өз құлағымызға өзіміз сенбей, бір қателік кеткен шығар, біздің баламыз мұндай қылмысқа бармас еді деп ойладық.

Арман Құдайбергеновтің ата-анасы Ақайда ұзақ тұрмаған
© Sputnik / Ляля Лилова
Арман Құдайбергеновтің ата-анасы Ақайда ұзақ тұрмаған

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Арман Құдайбергеновтің ата-анасы Ақайда біраз жыл тұрыпты, сол себепті жас жігіт "Ақай ауылының тумасы" деп тіркелген. Отбасы көп ұзамай Байқоңырға көшіп, Құдайбергенов ресейлік мектепте білім алады. Бірақ сабаққа ден қоймаған сыңайлы, "аяқталмаған орташа біліммен" ғана шектелген.

Құдайбергеновтер отбасы көп ұзамай Байқоңыр қаласына көшіп кетеді
© Sputnik / Ляля Лилова
Құдайбергеновтер отбасы көп ұзамай Байқоңыр қаласына көшіп кетеді

Заңбұзушылықтың түп-тамыры — тәрбиеде

Ақайлықтардың айтуынша, қарапайым қазақ жігіті Арман сияқты жайтқа тап болса, мәселенің түп-тамырын отбасыдан іздеу керек, өйткені Қызылорда облысында ата-бабаларымыздың әдет-ғұрпы берік сақталған, балаларды жастайынан еңбекке баулып, үлкендерді сыйлауға, иманды әрі ибалы болуға тәрбиелейді.

Бәлкім, Құдайбергеновтің жерлестерінің сөзінде бір шындық бар шығар, ол жасөспірім кезінде түнгі сағат екіде Байқоңыр дәмханаларының бірінің жанында өзімен қатарлас баланың телефонын тартып алған екен. Қарсылық көрсеткен құрдасын соққыға жығудан да тайынбаған. Осы жерде оның ата-анасына біраз сұрақ туындайды: "Жасөспірім Арман түнгі сағат екіде дәмхана жанында достарымен неғып жүр? Мамандық игеріп, жұмыс істеудің орнына, Алматыға не іздеп кетті?"

Денис Теннің өлімі: чемпионсыз өткен бір апта ішінде болған өзгерістер

Жастарға барлық жағдай жасалған, - дейді ауыл әкімі
© Sputnik / Ляля Лилова
"Жастарға барлық жағдай жасалған", - дейді ауыл әкімі

"Ақай туралы айтар болсақ, ауылда табыс тауып, жайлы өмір сүру үшін жастарға барлық жағдай жасалған, — дейді Гүлсара Омарова. – Екі орта мектеп, спорттық мектеп, заманауи клуб бар. Яғни, білім алу үшін де, мәдени демалыс үшін де ешқандай кедергі жоқ. Ауа райы жылы мезгілде қыз-жігіттер "Достық" саябағына жиналады, жұма күндері концерт пен би кеші өткізіледі".

Ақай ауылындағы жұмыссыздық деңгейі

Айта кетсек, Ақайда ресми түрде жұмыссыз 35 тұрғын тіркелген, олардың арасында жастар саны өте аз. Ал жалпы экономикалық белсенді, жұмысқа жарамды адамдар саны – 3 294.  Жастар саны – 1 262 адам.

Ауылда жұмыссыздар саны - 35  адам
© Sputnik / Ляля Лилова
Ауылда жұмыссыздар саны - 35 адам

"Қазіргі жастардың белсенді азаматтық әрі өмірлік ұстанымда болуы мен үшін өте маңызды, — дейді Омарова. – Олар мемлекеттік бағдарламаға белсенді араласады, жас кәсіпкерлеріміз өте көп. Білімге құштар. Ақайда бастапқы кәсіптік білім алуға да болады".

Денис Тенге жасалған шабуыл

Атақты қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада-2014 қола жүлдегері 19 шілдеде кісі қолынан ажал құшты. Спортшы мейрамханадан шыққан кезде көлігінің айнасын ұрлап жатқан екі жігіттің үстінен түседі. Арада жанжал туындап, автоұрылардың бірі Денис Тенге пышақ сұққан. Жедел жәрдем келгенше 3 литр қан жоғалтқан Денис ауруханада жан тапсырды.

Денис Теннің өліміне қатысты тың деректер шықты

Мәнерлеп сырғанаушыны өлтірді деген күдікпен 24 жастағы Нұралы Қиясов және 23 жастағы Арман Құдайбергенов ұсталған. Бастапқыда Денисті Құдайбергенов пышықатады деген ақпарат тараған еді, алайда кейінірек екінші күдікті пышақ сұққанын мойындады. Ал Арман Құдайбергенов суық қарудың қайда тығылғанын көрсеткен.

Денис Теннің қазасы туралы барлық ақпаратты Sputnik материалдарынан оқыңыз

5159
Кілт сөздер:
бала тәрбиесі, ауыл, күдікті, тонаушылық, қайғылы оқиға, тұрғындар, кісі өлтіру, Нұралы Қиясов, Арман Құдайбергенов, Денис Тен, Байқоңыр, Қызылорда облысы, Алматы
Тақырып:
Денис Теннің қазасы (101)
Тақырып бойынша
Қазақстан полициясы Денис Теннің өлімі үшін кешірім сұрай ма?
Денис Теннің өліміне соттың кінәсі бар ма? Адвокаттың пікірі
Денис Тенді өлтіргендерді жақтаған мұғалім жұмыстан қуыла ма?
Денис Теннің қазасы: Бекболат Тілеухан құзырлы органдарға жүгінді
Алматы халқы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды (фото)
Әлеуметтік желі, архивтегі фото

Арыста танысының үйінде қонақта болған жігіт ұятқа қалды

27
"Samsung" және "Nokia" телефондарын ұрлаған Арыс қаласының тұрғыны, жәбірленушінің танысы болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Арыс қаласының полицейлері екі ұялы телефон ұрлаған ұрыны ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Арыс қаласының тұрғыны полицияға арызданып, үйінен "Samsung" және "Nokia" маркалы екі ұялы телефоны ұрланғаны жөнінде хабарлаған. Бұл жайт Қазақстан Қылмыстық кодексінің "Ұрлық" бабы бойынша тіркелді.

Арыс АПБ жедел-тергеу тобының қызметкерлері бірден оқиға орнына шықты. Полиция қызметкерлері жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәгерлерден жауап алды.

Оқи отырыңыз: Өзен бойында демалып жүрген қария 130 мың теңгесін ұрлатты 

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Арыс аудандық полицейлері телефон ұрлаған күдіктіні ұстады. Ол бұрын сотты болған Арыс қаласының тұрғыны, жәбірленушінің танысы болып шықты.

Анықталғандай жігіт жәбірленушімен бірге ішімдік ішкеннен кейін, ұялы телефондарын жымқырып, қылмыс орнынан қашып кеткен. Содан кейін ұрланған телефондарды сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Айғақ зат ретінде ұрланған ұялы телефондар тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Ұялы телефондарды ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

27
Кілт сөздер:
телефон, қонақ
Тақырып бойынша
Астанада балалар арбасынан әмиян ұрлаған қыз видеоға түсіп қалды
Сегіз кредит жапқан: қомақты қаржы ұрлаған Қазақстан азаматы Ресейде ұсталды
Қостанай облысында шұжықтың көмегімен 12 миллион теңгенің ұрлығы ашылды
Ұлының еміне жиналған қаржыдан көз жазып қалған әйел қайтыс болды
Құжат, қол қою

Полиция Түркістан облысы тұрғынының заңсыз әрекетін әшкереледі

143
(Жаңартылды 11:13 05.08.2020)
Аудандағы тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, барлық қажетті тексеру жұмысы жүргізілді

АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында бес тұрғынның ақшасын есепшотынан шешіп алған пошта қызметкері ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz порталы.

"Келес ауданы полиция бөліміне екі тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдердің айтуынша, оларға мемлекет тарапынан бөлініп, есепшоттарына түскен атаулы әлеуметтік жәрдемақының бір бөлігін белгісіз біреу шешіп алған. Алаяқ екі әйелдің 300 000 теңгеден астам қаражатын заңсыз иемденді", - делінген ақпаратта.

Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді.

Аудандағы тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, барлық қажетті тексеру жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде полиция осы қылмысқа қатысты күдіктінің жеке-басын анықтады. 

"Күдікті жергілікті тұрғын поштаның бұрынғы қызметкері болып шықты. Тергеу барысында күдікті пошта бөлімшесінде жұмыс істегенде өзі қол қойып, тұрғындардың ақшасын шешіп алғаны анықталды. Сонымен қатар күдіктінің осыған ұқсас тағы үш жайтқа қатысы бар екені белгілі болды", - деп хабарлады полиция.

Тағы оқыңыз: Полиция Шымкентте болған қылмысқа қатысты ақпарат жариялады - видео

Күдікті кінәсін толық мойындап отыр. Ол жәбірленушілердің 1,5 миллион теңгеге жуық ақшасын есепшоттарынан заңсыз алып, өз қажеттілігіне жаратып жіберген. 

Күдікті қазір қолхатпен босатылды. Өзінің қызметін пайдалана отырып, жалған құжаттармен өзгенің сеніп тапсырған ақшасын иемденді деген күдікке ілінген азаматқа қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

143
Кілт сөздер:
алаяқтық, тұрғын, полиция, Түркістан облысы
Тақырып бойынша
Түркістан облысында жанжалдың немен аяқталғаны белгілі болды
Шымкентте төрт адамды өлтіріп кетті
Полиция Түркістан облысындағы жағдай туралы ақпарат таратты
Шымкентте түсірілген видео жұрттың жағасын ұстатты - полиция түсініктемесі
Түркістан облысында той болып жатқан үйге шақырылмаған "қонақтар" кіріп келді
Бейрутегі жарылыс

Тоқаев қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін Ливан президентіне қоңырау шалды

0
Ливанда 200-ге жуық Қазақстан азаматы, оның ішінде, қазақ дипломаттары мен әскери қызметшілер тұрып жатыр   

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан президенті Мишель Аунға телефон арқылы көңіл айтты. Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter-де хабарлады.

"Бүгін Ливан президенті Мишель Аунмен телефон арқылы сөйлесіп, Бейрут портындағы жарылыс кезінде қаза болған адамдардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектестік білдірдім", - деп жазды Тоқаев.

Ол Ливандағы 200-ге жуық Қазақстан азаматының, оның ішінде, қазақ дипломаттарының және БҰҰ-ның бітімгершілік күштері құрамында қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді өтінді.

Оқи отырыңыз: Сыртқы істер министрі Тоқаев қандай тапсырма бергенін айтты 

"Ливан президенті осындай қиын-қыстау кезеңде қолдау білдіргеніміз үшін алғыс айтып, Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уәде берді", - деп атап өтті президент.

Бейрут қаласындағы жарылыс

4 тамыз күні Ливан астанасындағы теңіз порт базасында бірнеше жарылыс болды. Жақын маңдағы және бірнеше шақырым қашықтықтағы үйлер, ғимараттар қирады.

Ливандық БАҚ жүздеген адам зардап шегіп, ондаған тұрғын қайтыс болғанын айтты.

Жарылыс пиротехника қоймасында болуы мүмкін деген болжам жасалды. Алайда Ливан қауіпсіздік қызметінің басшысы генерал Аббас Ибрагим мұны жоққа шығарып, жарылғыш заттар орнатылғанын мәлімдеп отыр.

Жарылыс толқыны салдарынан Ливандағы Қазақстан дипломатиялық миссиясының ғимаратына зақым келді. Ол кезде жұмыс аяқталған. Сондықтан дипломатиялық миссия қызметкерлері кеңседе болмапты. Бірақ жұмыста қалған Қазақстанның Ливандағы консулы Бағлан Сыпабек жарылыс болған кезде жарақат алды.

0
Кілт сөздер:
қауіпсіздік, жарылыс, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Ақсайда тазартқыш ғимаратта жарылыс болып, бөлімше бастығы көз жұмды
Бейруттегі жойқын жарылыс: Қазақстан консулы жараланды