Бала

Сәби ауладағы су құйылған ыдысқа құлап, тұншығып өлді

514
(Жаңартылды 19:26 31.07.2018)
Жас ата-ана үйдің сыртын жөндеп жатқанда, сәби қараусыз қалған

ӨСКЕМЕН, 30 шілде — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында бір жасар сәби жиырма литр су құйылған ыдысқа құлап, тұншығып өлді.

"Бала жексенбі күні кешке Бозанбай ауылында шетінеп кетті. Ауылға жақында көшіп келген жас отбасы үй жөндеп жатады. Сәби аулада қараусыз қалған. Моншаның ауыз бөлмесінде су құйылған ыдыс тұрған, бала ойнап жүріп, суға құлап, тұншығып қалыпты", — деп мәлімет берді төтенше жағдайлар жөніндегі департамент.

Баланың денесін туыстары тауып алып, шақырған.

Тағы оқыңыз: Алматы облысында 5 жасар бала бассейнде тұншығып өлді

514
Кілт сөздер:
оқыс оқиға, төтенше жағдай, полиция, отбасы, ауыл, тұншығып өлді, бала, Шығыс Қазақстан
Қап, адам

Маңғыстау әкімдігі желіде тарап кеткен видеоға қатысты түсініктеме берді

5899
(Жаңартылды 17:45 05.07.2020)
Әлеуметтік желіде ауруханада пакетте адам денелері жатқаны туралы ақпарат тарап кеткен болатын. Әкімдік мұны жоққа шығарып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 5 шлде – Sputnik. Әлеуметтік желіде Ақтаудағы ауруханада пакеттерде мүрделер жатыр деген видео тарап кетті. Бұл видеоның Маңғыстау облысына еш қатысы жоқ, деп хабарлады облыс әкімдігі.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Аталған видеоны Ақтау қаласындағы ауруханамен байланыстырмауды сұраймыз", - деді облыстық әкімдікте.

Бұған дейін әлеуметтік желіде екінші карантин кезінде 75 мың теңге төленеді деген ақпарат тараған болатын. Сондай-ақ, қазақстандықтар Нұрсұлтан Назарбаев қан плазмасы негізінде коронавирусқа қарсы вакцина жасалады деген жалған ақпарат таратты.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жалған ақпарат тарату үшін қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Бір айлық есептік көрсеткіштен 1 мың АЕК-ке (2 778 000 теңге) дейінгі айыппұл қарастырылған. Сондай-ақ, бір жылға дейін бас бостандығы шектеліп немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ (@akimat_mangystau)

5899
Тақырып бойынша
"Назарбаевтың қанынан вакцина жасайды": министрлік түсініктеме берді
Министрлік 75 мың теңге төленетіні туралы ақпаратқа түсініктеме берді
"Ұшақпен белгісіз зат шашады": министр желіде тараған ақпаратқа жауап берді 
Ер адамның алтыннан жасалған маскасы жұртты таңғалдырды
"Бұған жол беруге болмайды": Тоқаев жұртты алаңдатқан мәселе туралы айтты
Найзағай

Алматыға ұшқалы тұрған: Павлодарда ұшаққа найзағай түсті

2315
Әуе кемесі Павлодарда қалды, ол инженерлік-техникалық тексерістен өтеді. Жолаушыларға елордадан басқа ұшақ ұшып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Павлодар әуежайында FlyArystan ұшағына жай түсті, деп хабарлайды өңірлік pavlodarnews.kz басылымы.

Ұшақ Павлодардан Алматыға ұшқалы тұрған.

"Инженерлер әуе кемесіне жай түскенін растады. Ұшақ Павлодарда қалады, борт техникалық тексерістен өтеді. Оқиға орнына инженерлер жіберілді", - деп мәлімдеді FlyArystan лоукостерінің PR-менеджері Ләзат Нәбиева.

Ол техникалық регламент бойынша инженерлік-техникалық тексеріс өткізу қажет екенін нақтылады.

Тағы оқыңыз: Ақорда үстіндегі таңғажайып құбылыс видеоға түсіп қалды

Төртінші шілде күні сағат 18.55-те 133 жолаушы Павлодардан Алматыға уақытында ұшып шыға алмады. Оларға астанадан басқа борт жөнелтілді, осылайша рейс төрт сағатқа кешікті. Рейсті күткен жолаушыларға тамақ пен сусын берілді.

"Қазгидромет" синоптиктері Павлодарда найзағай жарқылдап, нөсер жауын жауып, дауыл соғатынын ескерткен болатын.

2315
Кілт сөздер:
ұшақ, Павлодар, найзағай
Тақырып бойынша
Қарағанды облысында 69 жылқының өлексесі табылды
Жолаушылар ұшағын найзағай соққан сәт видеоға түсіп қалды
Шығыс Қазақстанда жасөспірімге жай түсіп қаза тапты
Жаяу жүргінші жай түсіп жүрегі тоқтаған баланы құтқарып қалды
Дәріхана, архивтегі сурет

COVID-19: министр қандай дәрілер көмектеспейтінін айтты

223
Министр қазіргі уақытта көптеген адамдар дәрігерден кеңес алмай, өзін-өзі емдеумен айналысып жатқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 5  шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус инфекциясынын айықтырмайтынын дәрілерді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мысалы, қазір бәрі "Цефтриаксон" деген бактерияға қарсы препаратты іздейді. Алайда Қазақстанда осы дәрінің 30-ға жуық атауы тіркелген. Соның ішінде "Цефаксон", "Аксон", "Белацеф", "Севацеф", "Сертоцеф", "ЦЕФ-триаксон", "Ротацеф", "Медаксон", "Зибан", "Цефасон", "Рацифин" және тағы басқа аналогтар бар", - деді Цой бүгінгі онлайн брифингте. 

Министрдің айтуынша, вирусқа қарсы препараттар да солай. Қазір көбі "Ингавирин" іздейді. Алайда осы іспетті 23 аналог бар. Олар – "Кагоцел", "Грипповир", "Пановир", "Арбидол", "Амиксин", "Тамифлю", "Ремантадин", "Флустоп", "Намидес", "Арпефлю" және тағы басқа дәрігер. 

"Вирусқа қарсы препараттар көп. Алайда ол дәрілер коронавирусты емдеу схемасына кірмейді. Қазір халық оның бәрін жаппай сатып алып жатыр. Бірақ онымен коронавирус инфекциясы емделмейді. Ондай дүрбелең туғызбау қажет. Себебі адамдар дәрігерлерден кеңес алмай, ол препараттарды сатып алады да, өзін-өзі емдеумен айналысады. Оның коронавирусқа қарсы көмегі болмайды", - деп атап көрсетті Цой.

223
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы