Газдың архивтегі фотосы

ҰҚК газды заңсыз шығарған қылмыстық топты қолға түсірді

37
Сұйытылған газды шетелге заңсыз шығару Қазақстанның оңтүстігінде отын тапшылығын тудырған

АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысында ҰҚК қызметкерлері сұйытылған газды шетелге заңсыз шығарумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Қордай аудандық сотының үкімімен Темір Жаманғызов, Нұржан және Ержан Тәліповтар шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімімен мемлекетке көлік құралдары, сондай-ақ шамамен 50 мың килограмм сұйытылған газ қайтарылды.

Қылмыстық топты жою және сұйытылған газды шетелге заңсыз шығару арнасының жолын кесу Жамбыл облысы халқының көк отынға деген сұранысын қамтамасыз етіп, ішкі нарықта оның тапшылығын азайту арқылы бағаның өсуін тоқтатуға ықпал етті.   


37
Кілт сөздер:
ҰҚК, қылмыс, газбен қамту, контрабанда, Қазақстан
Тақырып бойынша
Астанада мұнай-газ нарығының өзекті мәселелері талқыланады
АҚШ: газ құбыры туралы жемқорлық іске қазақстандық шенеуніктің қатысы бар
АҚШ Қазақстандағы газ құбырын салу кезінде ақша жылыстату ісін тергеп жатыр
Қазақстанда сұйытылған газ электронды сауда алаңдары арқылы сатылмақ
Бозымбаев Астанаға газ тартуға ақша қайдан алынатынын айтты
Бозымбаев Астанаға газ қашан жететінін айтты
Сапарбаев заңсыз мұнай мен газ айналымы үшін жазаны күшейтуді ұсынды
Архивтегі фото

Атыраудың тергеу абақтысында сотталғандар бүлік шығарды

134
Жанжалды бастағандар режимді бұзып, қамауға алынған басқа адамдарды тәртіпсіздік жасауға шақырды. Қазіргі уақытта мекемедегі жағдай тұрақтанды

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Атырау тергеу изоляторында отырған бес сотталушы режимді бұзып, қамауға алынған басқа адамдарды тәртіпсіздік жасауға шақырды, деп хабарлады ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Оқиға 2 маусымда кешкі тексерістен кейін болған.

"Атырау қаласының тергеу изоляторында сотталған бес адам жүріп-тұру режимін бұзды, сондай-ақ қамауға алынып, тергеліп жатқан басқа адамдарды тәртіпсіздікке шақырды. Заңсыз әрекеттерді болдырмау үшін жоғарыда аталған адамдар тәртіптік изоляторға қамалды", - деп хабарлады комитет.   

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар кісі өлтіру, қасақана ауыр дене жарақатын салу, ірі көлемде ұрлық жасау секілді ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр.

Оқи отырыңыз: Арқалықтағы "қасапшылар түрмесіне" алғаш рет әйел түсті

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы, прокуратура қызметкерлері, сондай-ақ ұлттық алдын-алу жүйесінің өкілдері оқиға орнына барып, сотталғандар арасында сауалнама жүргізіп жатыр.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 428-бабы бойынша (қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарын орындамау) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта мекемеде жағдай тұрақты, жүріп-тұру режимін бұзуға жол берілмеді.  

134
Кілт сөздер:
Атырау, тергеу абақтысы
Тақырып бойынша
Түрмедегілер бүлік шығарды: екі офицер мен 25 тұтқын көз жұмды
Түрмедегі коронавирус: жүкті әйелдің сынамасы қате болып шықты 
Челахтың түрмеде көз жұмғаны рас па – ресми жауап
Көкшетауда әкімшілік жазасын өтеп жатқан екі адам көз жұмды
Украина түрмесінде бүлік шықты – оқиға орнында түсірілген видео
Жандарбек Бекшин

Бекшин Алматыда енгізілген шектеу шараларын түсіндірді

719
Қазір қалада адамдар кәсіпкерлердің үйін жалға алып жатыр. Ұжым болып жиналып, карантин режимін бұзатындар көбейген

АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 1 маусымда қабылданған қаулыдағы шектеу шараларын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қаулыға сәйкес, қала аумағанда топ болып жиналуға тыйым салынады.

"Қала алаңдарында, аумағында адамдардың топ болып жүруіне шектеу қойып жатырмыз. Қазір адамдар жеке үйлерді, кәсіпкерлердің үйін жалға алып жатыр. Ұжым болып жиналып, карантин режимін бұзатындар көбейді. Сол себепті осындай шешім қабылдадық", - деді ол.

Сонымен қатар баланы балабақшадан алып қайтуға егде жастағы кісілерді жібермеуге қатысты ұсынысын түсіндірді.

"60-65 жастан асқан кісілер инфекцияны тез жұқтыратын қауіпті топқа кіреді. Ең бірінші талап – оларды оқшаулау. Үлкендер бұл талапты қатаң сақтап келгендіктен науқастар арасында олардың саны көп емес. Жастардың үлесі – 41%,  үлкендердің үлесі жеті процентке жетпейді. Үлкендерге қарым-қатынасты азайту керек", - деді ол.

Қаланың бас санитар дәрігері мемлекеттік балабақшаны ашу туралы мәселе 15 маусымға дейін көтерілмейтінін айтты.  

Сонымен қатар ашық бассейн мен жағажайдың жұмысына рұқсат беру мәселесі де 15 маусымнан кейін қаралатынын жеткізді.

Оқи отырыңыз: Алматыда карантин шарасы күшейтіледі 

"Бізде күн ыстық, көбіне судың сапасы қажетті бактериологиялық және паразитологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмейтінін көпжылдық талдау көрсетіп отыр. Сол себепті шомылу аймақтарын ашу мәселесін қарастырмаймыз. Оларды 1 маусымнан бастап ашу жөнінде бірқатар ұсыныс түсті, алайда бұл мәселені 15 маусымнан кейін қарастырамыз", - деді Бекшин.

Ол қаладағы спорт кешендерінде бассейн ашық екенін, ал Алматыдағы су қоймаларының сапасы сын көтермейтінін алға тартты.

719
Кілт сөздер:
Алматы, Жандарбек Бекшин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Қазақстанда карантин кезінде балалар суициді жиілеген
Бекшин Алматыда қызметі тоқтатылған нысандарды атады
Әскерге шақырылғандар он төрт күнге карантинге алынады 
Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме
Блок бекетте шын мәнінде не болғаны жұртқа жария етіледі – полиция бастығы
Ақша, архивтегі сурет

Ірі көлемде пара алған әкім орынбасары қамауға алынды видео

0
Алматы облысындағы Қарасай ауданы әкімнің орынбасары 33,5 миллион теңгені заңсыз сыйақы ретінде алды деген күдік бар

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жергілікті биліктің бірнеше өкіліне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алматы облысында Қарасай ауданы әкімінің орынбасары аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін ұсталды. Тергеуші Данияр Биғайдаровтың айтуынша, әкімінің орынбасары мемлекеттік сатып алулар кезінде қамқорлық жасаған. Ол кәсіпкерден пара алғаны үшін айыпталып отыр.

"Жол картасы 2020" бағдарламасы аясында кезекті құрылыс нысаны бойынша рәсімделген келісімшарттың жалпы құны 660 миллион теңге болған. Әкімнің орынбасары осы ақшадан 33,5 миллион теңгені заңсыз сыйақы ретінде алды деген күдік бар. 

 "Бұдан бөлек, Алматы облысында Кербұлақ ауданы әкімі аппаратының жетекшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Шенеунік жекеменшік фирма өкілімен бірге 5 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Ол ақша жұмыспен қамтудың жол картасы аясында бөлінген болатын", – деді Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте.

Ал Қарағанды облысы Жаңарқа ауданындағы Атасу кентінде әкім аппаратының лауазымды тұлғалары балабақша құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Осылайша, "Ер төстік" сәбилер балабақшасының құрылысына бөлінген 5 миллион теңге қолды болды.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда басқарма басшысын ұстау сәтінің видеосы жарияланды

Сондай-ақ, Қарағанды қаласының жер қатынастары, сәулет және құрылыс бөлімінің басшылығы мен Шет аудандық құрылыс бөлімінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

0
Кілт сөздер:
пара, парақорлық, пара алу
Тақырып бойынша
Қостанай облысында пара алған полицей видеоға түсірілді
Блок-бекетте пара алған шенеуніктерге қатысты сот үкімі шықты
СҚО-да карантинде кедергісіз жүру үшін полицей 1 миллион 300 мың пара алған
Аса ірі көлемде пара алған басқарма төрағасына қатысты тергеу басталды
Пара ретінде темекі алған полицейдің үстінен іс қозғалды