Қартаң әйелдің архивтегі фотосы

Павлодарда жүзден аса тұрғын әп-сәтте "қаңғыбасқа" айналды

337
(Жаңартылды 09:32 05.08.2018)
Павлодарда бір мезетте тіркеуден шығып қалған тұрғындар шу шығарды

АСТАНА, 3 тамыз — Sputnik. Павлодарда көпқабатты үйдің тұрғындары бір күнде тұрғылықты мекені жоқтардың қатарына қосылды. Шаһардың қақ ортасында жарты ғасырдан бері тұрып келе жатқан тұрғындардың барлығы да бір апта бұрын тұрақты тіркеуден шығып қалған, деп хабарлады КТК. 

Осылайша еш жерде тіркелмеген жұрт жиналып халыққа қызмет көрсету орталығына барған. Ондағылар қолымыздан келер қайыр жоқ деп, бар кінәні көші-қон қызметіне аудара салыпты. Көші-қондағылар болса қателік нысандарды сандық жүйеге көшіру кезінде кетті дейді.

Тұрғындар бір аптадан бері түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылдық дейді. Бұған заңды мекен-жайындағы тіркеуден аяқ астынан шығып қалғандары себеп. Мұндайға бұрын-соңды кезікпеген олар мән-жайды білу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барған. Бірақ, ондағылар жағымды ештеңе айтпапты.

"Жүзден аса тұрғын бір сәтте тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамға айналып шыға келді. Халыққа қызмет көрсету орталығындағылар бұл жайтқа қатысты түк айта алмай, көш-қон полициясына баруға кеңес берді. Мен бұл үйде 36 жылдан бері тұрып келемін. Тіркеуден шығып қалғанымды естігенде шошып кеттім. Ал көш-қон полициясы қызметкерлерінің сөзіне сенсек, бұл жайтқа нысандарды сандық жүйеге көшіру кезінде орын алған техникалық ақау себеп болған. Сондықтан алдағы уақытта барлығын қайта тіркеуге тұрғызып, өз қателерін жуып-шаймақшы", — дейді Павлодар қаласының тұрғыны Ольга Жоландз.

"Техникалық ақауға байланысты дәл осы тұрғын үй шаһардағы ведомстволық мемлекеттік нысандардың қатарына еніп кеткен. Сол кезде үй тұрғындары заңды мекен-жайларынан шығып қалған. Қазір бұл мәселені шешу үшін жұмыстар атқарылып жатыр. Бірнеше күн ішінде тұрғындар қайта тіркеуге алынуы тиіс", — деп түсіндірді Павлодар облыстық ІІД көш-қон полициясы басқармасының бөлім басшысы Әсем Дүйсенбаева.

Осылай деген шенділер баспанасыз қаңғыбас кейпіне енген тұрғындарды сабасына түсірді. Бір қызығы, бұған дейін осы үйдегі пәтерде тіркеуде болған 6 жасар жеткіншек жақын маңда орналасқан коттеджге тіркеліп кетіпті. Мұны естіп білген ата-ана сандық жүйе бәрімізді сандалтып қойды деп ашынады. 

Ал көші-қон полициясы басқармасындағылар әбден әбігерге түскен жұрттан кешірім сұрап, арқасынан қағып шығарып салды. Алайда тұрғындардың оған көңілі толған жоқ. Сондықтан олар өз жұмысын салғырт жасаған мамандар әр үйді аралап жүріп бәрімізден кешірім сұрасын дейді. Бірақ,  құзырлы орган өкілдерінің халық алдында иілуі екі талай.

Назарбаевтан кейін кім президент болуы мүмкін?  

Ислам дінінде тыйым салынған есімдер 


337
Кілт сөздер:
полиция, уақытша тіркелу, тіркеу, Павлодар
Тақырып бойынша
Елімізде жылжымайтын мүлікті тіркеу жеңілдейді
Абаев: ұялы телефондарды тіркеу нормасы экстремистердің ізін жасыруға жол бермейді
Бахмутова: азаматтарды емханаға тіркеу кезінде бұрмалаушылық фактілері болды
Автокөлікті мемлекеттік тіркеу ережесі түбегейлі өзгерді
Елімізде уақытша тіркеу тегін болуы мүмкін
Қазақстанда азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу жеңілдетілді
Астанада оқушыларды онлайн тіркеу қалай жүзеге асады?
Нығматулин: уақытша тіркеу кезіндегі айғай-шу медсақтандыруды енгізгенде қайталанбауы тиіс
Қарин уақытша тіркеу туралы: бұрын талқылау керек еді
Архивтегі фото

"Кіріме дейін жуды": Індетті жеңген 89 жастағы кейуана дәрігерлерге алғыс айтты

31
Күмісхан Оразақынова коронавирус инфекциясын Кеген аудандық ауруханасына емделуге барғанда жұқтырып алған

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Алматы облысында 89 жастағы кейуана коронавирустан емделіп шықты.

1931 жылы дүниеге келген Күмісхан Оразақынова бұл індетті Кеген аудандық ауруханасына емделуге барып, сол жердегі дәрігерлерден жұқтырып алған, деп хабарлайды "Хабар 24".

Ол 4 мамыр күні Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылындағы аудандық ауруханаға жатқызылған.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 99 жастағы қария коронавирус жұқтырды 

"Пациент ауруханаға түскен кезде жағдайы орташа ауыр болды. Жас ерекшелігін ескере отырып, оны реанимация бөліміне орналастырдық. Өйткені қан қысымының жоғары болуы кез келген ауруды асқындыруы мүмкін еді. Сондықтан қатаң бақылауда ұстадық", - дейді дәрігерлер.

Кейін кейуананың 3 немересі коронавирус инфекциясын жұқтырып алғаны анықталды. Олар қазір Қарасай аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Ал Күмісхан Оразақынова ауруынан толық айығып, туған ауылы Кегенге оралды.

"14 күн бойы клиникалық протоколдарға сәйкес ем-шара жасалып, 15-күні COVID-19 ПЦР анализі оң нәтиже көрсеткендіктен, ары қарай 5 күнге ем-шараларды жалғастырдық", - дейді дәрігер-инфекционист Алмагүл Асқарқызы.  

Ал одан кейінгі екі ПЦР талдауы теріс нәтиже көрсетіп, жалпы клиникалық-лабораториялық көрсеткіштер дұрысталғандықтан ауруханадан шығарылған.

"Осы Шелектегі ауруханада жатып, жазылып шығып жатырмын. Сексен тоғыздамын, бәрі жақсы қарады. Өз үйімдегі балаларымнан артық қарады. Уақытымен тамағымды іштім, уақытымен жаттым. Кіріме дейін жуды. Оларға рахметімді айтамын. Дендері сау болсын!", - дейді Күмісхан Оразақынова.

31
Кілт сөздер:
кейуана, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирус жұқтырмағаныңды қалай білуге болады?
Нұр-Сұлтанда қарт адамдарға дәрі-дәрмек үйге жеткізіліп жатыр
Қазақстанда коронавирус жұқтырған ең қарт адамның жасы белгілі болды
Ғалым коронавирустан айыққан адам қандай қиындыққа тап болатынын айтып берді
Жедел жәрдем, архивтегі фото

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

950
(Жаңартылды 19:24 28.05.2020)
Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды.

Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында 50 текше метрлік бактың ішін тазарту жұмыстары кезінде болған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Тағы екі адам ауыр жағдайда жатыр, олар жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Аталған факті бойынша Ақтөбе облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 156-бабы 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында көз жұмған екі бала туралы ақпарат жарияланды 

Бұл бап жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.    

Трагедияның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнында полиция мен құтқарушылар жүр.  

950
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, зауыт
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтандағы трагедия: жүргізуші жас жігітті құтқару үшін өз өмірін қиған
Трагедия видеоға түсіп қалған: көпір құлап, адамдар қаза болды
Төрт жұмысшы кәріз құдығында қаза болды: жауаптылар 7 жылға сотталуы мүмкін
Үш адам қаза болды – Қарағандыдағы қайғылы оқиғаның мән-жайы
Қырғызстанда төтенше жағдай: екі адам көз жұмып, біреуі кепілге алынды
Зауыт қызметкері жұмыс істеп тұрған еттартқышқа құлап кетті
Нұр-Сұлтан, архивтегі фото

Аптап ыстық, найзағай және бұршақ: жұмада ауа райы қандай болады

0
Қазақстанның үш өңірінде аптап ыстық болады, найзағай ойнап, қатты жел соғады деп болжануына байланысты дабылды ескерту жарияланды  

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазгидромет метеорологтары 29 мамырда ауа-райы қандай болатынын болжады.

Ел аумағының басым бөлігі бұрынғыдай жоғары қысым аясында болады, осыған байланысты жауын-шашын болмайды. Синоптиктер тек солтүстікте, солтүстік-батыста өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, дауыл тұрады, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін деп болжап отыр.

Оқи отырыңыз: Биылғы жаз қандай болады - ауа райы болжамы жарияланды 

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл, оңтүстік-батыста тұман түседі.

Дабылды ескерту

29 мамырда таңертең және түстен кейін Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркірейді, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алдағы екі күнде, 29-30 мамырда Түркістан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

29 мамырда күндіз Атырау облысында қатты ыстық болады – 35-38 градус.

Өңірлердегі ауа райы

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл соғады, бұршақ жауып, жел күшейеді – екпіні 25 м/с дейін.

Жамбыл, Ақмола, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды ​​облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында шаңды дауыл тұрады.

Атырау, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Қостанай облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында қатты ыстық болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда түнде 11-13 градус жылы, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

Алматыда түнде 12-14 градус жылы, күндіз – 26-28 градус.

Шымкентте түнде ауа температурасы 19-21 градус жылы, күндіз 33-35 градус ыстық болады.

0
Кілт сөздер:
аптап ыстық, бұршақ, жаңбыр, ауа райы
Тақырып бойынша
"Қазгидромет" мамыр айына болжам жасады