Тамақ салынған тәрелке

Шымкент дәмханасында қонақтар кешкі астан уланып қалды

124
(Жаңартылды 12:17 08.08.2018)
Қаланың қоғамдық тамақтану орындарының бірінде 11 адам уланып қалғаннан кейін қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА, 7 тамыз — Sputnik. Шымкенттегі дәмханалардың бірінде мерекелік кешкі астан кейін он бір адам уланып қалды, деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  

11 адамның барлығы тамыздың бесінен алтысына қараған түні "улану" диагнозымен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түсті.

Шымкент полициясы улану фактісі бойынша ҚР қылмыстық кодексінің "Санитариялық және гигиеналық нормаларды бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.  

Қазақстанда астан улану оқиғасы соңғы рет Лисаковта шілденің соңында болған еді, ол кезде кеніштегі асханада "Қазақстан алюминийі" АҚ-ның 45 қызметері уланды. Олардың жартысына жуығының улануына сальмонеллез себеп болғаны анықталды. 

Головкиннің досы ішімдіктен уланып, ауруханада көз жұмды

"Дос қызымен бірге қаланы аралаған" 18 жастағы жігіт гаражда тұншығып өлді 

 

 


124
Кілт сөздер:
дәмхана, астан улану, Шымкент
Тақырып бойынша
БАӘ-ге демалуға барған қазақстандық отбасы уланып қалды
Ақмола облысында жаназаға жиналған жұрт уланып қалды
50-ден астам адам ұннан уланып, ауруханаға түсті
Оралда әйел өзі пісірген мәнтіден уланып, қаза тапқан
Орал балабақшасында бірнеше бала уланып қалды
Дәрігерлер Наурыз мейрамын мерекелеу кезінде уланып қалмау туралы кеңес береді
Ақтөбеде анасы мен екі баласы уланып қалды
Балауыз шам

Көкшетауда танымал кәсіпкердің қазасына орай ас берген мейрамханаға айыппұл салынды

487
Мейрамхана маңында көліктердің көптеп жиналуы қадағалаушы орган өкілдерінің назарын аударғандықтан арнайы рейд ұйымдастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Көкшетауда белгілі кәсіпкер, жанармай құю станциялары желісінің иесі, 60 жастағы Владимир Свидерский жерленді. Мониторингтік топ танымал кәсіпкердің қазасына орай ас берген мейрамханаға бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салуды бұзғаны үшін айыппұл салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қаладағы "Аристократ" мейрамханасында кәсіпкерге арналған ас берілген. Мейрамхана маңында көліктердің көптеп жиналуы қадағалаушы орган өкілдерінің назарын аударған. Санитарлық ережелердің бұзылғанын тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін қадағалау басқармасының мамандары арнайы рейд барысында анықтаған.

"Полиция бөлімінің қызметкерлері "Аристократ" мейрамханасында ас беру шарасы ұйымдастырғанын анықтады. Мұндай басқосу өткізу Ақмола облысының мемлекеттік бас санитар дәрігерінің 30 тамыздағы N109 бұйрығына қайшы келеді", – деді Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина.

Бұл жерде әңгіме ауаны бұқаралық іс-шараларға тыйым салу және әлеуметтік арақашықтықтың сақталуы туралы болып отыр.

"Сондықтан да анықталған заңбұзушылықтар бойынша әкімшілік шаралар қолданылады", – деп толықтырды Мусина.

Кәсіпкер Нұр-Сұлтанға барар жолда көз жұмды

Айта кетейік, бұан дейін көкшетаулық белгілі кәсіпкер Владимир Свидерскийдің жол апанынан көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз. Жол апаты Нұр-Сұлтан – Петропавл тас жолының 285-ші шақырымында болды. 1960 жылы туған Владимир Свидерскийдің Range Rover көлігімен бес адам Көкшетау қаласынан елордаға жол тартқан.

716 порталының хабарлауынша, апат салдарынан Свидерский мен 55 жастағы жолаушы Олег Анисимов сол жерде қайтыс болған. Тағы бір жолаушы – 1963 жылы туған Валерий Бевзовой ауруханада жан тапсырды.

"Екі жолаушы түрлі жарақатпен Көкшетаудағы көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізілді", – делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда түнгі клуб әкімшісі қамауға алынды

487
Кілт сөздер:
айыппұл, шектеу, жол апаты
Тақырып бойынша
Маңғыстауда туған күнін тойлаған шенеунік айыппұл төледі
Бекшин көп реттік маскаға айыппұл салу жайлы сұраққа жауап берді
Алматы тұрғындарына бір аптада 16 миллион теңге айыппұл салынды
Жүздеген адам білім министрімен фотоға түскен – санитарлар айыппұл салды
Құдалық пен қыз ұзату тойын өткізген алматылықтарға ірі көлемде айыппұл салынды
Қазақстанда тағы бір адам қаржы пирамидасына қатысты күдікпен қамауға алынды
Құлсарыдағы балабақша

Атырау облысында 2 миллиард теңгеге екі жыл бұрын салынған қос балабақша жабылды

55
Әкім орынбасарының айтуынша, құжаттар өзгертілгеннен кейін ғана нысандардағы кемшіліктерді түзетуді кім қолға алатыны белгілі болады

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысының Құлсары қаласында екі жаңа балабақша жабылды. Мектепке дейінгі бұл мекемелер екі жыл бұрын ғана пайдалануға берілген болатын.

Әрқайсысы 290 балаға арналған қос балабақшаның құрылысына 2 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалған.

"Қазіргі кезде едендері бүлініп, қабырғалары үгітілген балабақшалар жабылды", – деп хабарлайды Хабар 24.

Қала әкімдігінің өкілдері бар мәселе балабақшаларды жобалау кезінде жіберілген қателік екенін айтады. Ал кінәлілер арнайы тексеріс пен сараптамадан кейін анықталады.

Ендігі жерде бұл жердегі балалардың барлығына басқа балабақшаға баруына тура келеді.

"Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде қателік жіберілген. Сондықтан да құжаттама өзгертіліп, содан кейін ғана нысандардағы кемшіліктерді түзетуді кім қолға алатыны белгілі болады", – дейді Құлсары қаласы әкімінің орынбасары Арай Нұрмаханова.

Айта кетейік, мектепке дейінгі қос мекеме де мұнай компаниясының қолдауымен салынған екен.

Оқи отырыңыз: Министр жекеменшік балабақша тәрбиешілерінің жалақысы қалай өсетінін түсіндірді

55
Кілт сөздер:
Атырау облысы, балабақша
Тақырып бойынша
Балабақша меңгерушісі өз кабинетінде парамен ұсталды – видео
Алматыда балабақша тәрбиешісі 6 жылға сотталды
Теміртауда екі жасар сәбиді тұншықтырған балабақша тәрбиешісі сотталды
Бүлдіршінді сорпамен күйдірген балабақша қызметкері жазадан құтылды
Балабақша мен мектепке қабылдауға қатысты өзгерістер жарияланды 
бауырластар зираты

Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгердің сүйегі елге қайтарылады брифинг

0
Сарбаз Киевті қорғау кезіндегі шайқаста хабарсыз кеткен. Іздеу тобы оның сүйегін 2020 жылдың наурыз айында Украинадан тапты

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек  —  Sputnik. 28 қыркүйекте сағат 10.30-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегін елге жеткізуге қатысты онлайн-брифинг өтеді.

Қайыржан Тікшекеев Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде хабар-ошарсыз кетті деп саналған. 2020 жылдың наурыз айында оның сүйегін "Вертикаль" іздеу отряды Украина аумағынан тапқан. Жақын арада сарбаздың сүйегі туған жеріне жеткізіліп, туыстарына тапсырылады.

Спикерлер:

  • Мұрат Молдағалиев - "Atamnyn Amanaty" қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы;
  • Марат Тікшекеев - қаза болған жауынгер Тікшекеев Қайыржанның немересі.

Онлайн брифинг Sputnik Қазақстан сайтында және YouTube каналында тікелей эфирде көрсетіледі.

БАҚ өкілдерін онлайн-брифингті көруге шақырамыз, спикерлерге қойылатын сауалдарды +7 (747) 2207401 (WhatsApp) нөміріне жіберуге болады.

0