Марихуана

Шымкенттік қария үйінің ауласында есірткі өсірген

77
Зейнеткердің ауласынан марихуанаға ұқсас 38 түп өсімдік табылды

АСТАНА, 7 тамыз — Sputnik. Шымкентте зейнеткер өз үйінің ауласында есірткі өсірген, деп хабарлайды kz.otyrar.kz.

Жергілікті полиция қызметкерлері "Көкнәр 2018" жедел-профилактикалық шаралар барысында қаласында тұратын қарт адамның үйінен есірткіге ұқсас өсімдік тапты, деп жазады басылым қаланың ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

Полиция жергілікті тұрғынның үйін тінту барысында 38 түп жасыл түсті, ерекше иісі бар, марихуанаға ұқсас өсімдікті тәркіледі.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Құрамында есірткі заттар бар, тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Тағы оқыңыз:

 

 

77
Кілт сөздер:
Шымкент жаңалықтары, зейнеткер, марихуана, тергеу амалдары, қылмыстық іс, есірткі, Шымкент
Тақырып бойынша
Қазақстанда есірткі таратқан қылмыстық топ ұсталды - видео
Жамбыл облысында есірткі сатушылар тобын жас әйел басқарған
ІІМ-нің арнайы операциясы: Астана мен Шымкентте есірткі сатушылар ұсталды
Жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының қызметкерінен есірткі табылды
Ресей елшілігінен есірткі табылды. Оқиға орнында түсірілген кадрлар