Сүңгуір

ШҚО-да балаларымен бірге суға батып кеткен имамның мәйіті табылды

331
(Жаңартылды 19:22 10.08.2018)
Бір отбасының үш адамы бір-бірін құтқарамын деп, қатты ағып жатқан өзенге батып кетті

АСТАНА, 10 тамыз — Sputnik. Құтқарушылар екі аптадай бұрын Қара Ертіс өзеніне екі баласымен бірге батып кеткен Шығыс Қазақстан облысы тұрғынының мәйітін тапты, деп хабарлады өңірлік ТЖ департаменті.

Трагедия 29 шілдеде болды. Жергілікті имам болған ер адам 8 жасар ұлын құтқаруға тырысқан. Оларға үлкен ұлы – 19 жастағы жігіт көмекке келеді. Дегенмен үшеуін де су ағызып әкеткен.

Суға батып кеткендерді іздеу сол мезетте басталды. Баланың мәйіті 1 тамызда судан шығарылды. 

"Кеше полиция қызметкерлері мен 60 жергілікті тұрғын өзенде іздеу жұмыстарын жіүргізді. Олар 1982 жылы туған ер адамның мәйітін тапты. 1999 жылғы жігіттің мәйітін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр", — деп жазылған хабарламада. 

ТЖД мәліметінше, іздеу жұмыстарын қатты ағыс пен судың лайлануы қиындатып отыр. 

331
Кілт сөздер:
өзен, имам, бала, Шығыс Қазақстан
Тақырып бойынша
Қазақстанның бірнеше өңірінде суға кеткен адамдар іздестірілуде
Кілем жуып жатып суға кетті: әйелдің денесі төрт күннен соң табылған
Алматы облысында бассейнде шомылып жүрген бала суға тұншығып өлді
Ыстықкөлде "Азаттық" радиосының тілшісі суға батып кетті
Қостанай тұрғыны бала-шағасының көз алдында суға батып кетті
Ақмола облысында кәмелеттік жасқа толмаған оқушылар суға батып кетті
Загрузка...