ыстық

Синоптиктер елімізде қашан күн ыситынын айтты

497
(Жаңартылды 14:15 14.08.2018)
14-16 тамызға арналған ауа райы болжамы

Астана, 13 тамыз — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik.

Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде құйып жауған жаңбырдан кейін қайта аптақ ыстық болады.

Сондай-ақ, Иран аймағынан ығысып жатқан тропикалық ауа республиканың қалған аумағында да температураның жоғарылауына алып келеді.

Ресейдің Еуропалық аумағының оңтүстігінен жылжитын атмосфералық фронттардың ықпалынан батыста, солтүстік-батыста, аптаның ортасында Қазақстанның солтүстік және орталық аудандарына күн күркіреп, жаңбыр жауады, ұйытқымалы жел болады.

497
Кілт сөздер:
найзағай, жел, жаңбыр, аптап ыстық, ауа температурасы, ауа райы болжамы
Шымкент қаласы

Қылмыстық іс қозғалды Шымкенттегі оқиғаға қатысты ресми ақпарат шықты

1270
Қылмыстық кодекс бойынша адам өлтіргені үшін 8-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ауыр жағдайлар болса, мүлкi тәркiленуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Шымкент қалалық полиция департfменті мейрамханада болған атыстың мән-жайы туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, 10 тамыз күні Шымкент қаласында Қазиев көшесінде орналасқан "Гранд-Прага" мейрамханасында атыс болды. Екі адам жарақат алды. Біреуі оқиға орнында көз жұмды. Екіншісі ауруханаға жеткізілді. 

"Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("адам өлтіру") және 287-бабы ("атыс қаруын заңсыз сақтау және тасымалдау") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - дейді полицейлер.

Тергеушілер күдіктілерді анықтады. Оларды ұстау шаралары қолға алынды.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекс бойынша адам өлтіргені үшін 8-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ауыр жағдайлар болса, мүлкi тәркiленуі мүмкін. Бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылады.

Ал қару-жарақты заңсыз сақтау мен тасымалдау үшін айыпппұлдан бастап бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бар.

1270
Кілт сөздер:
адам өлімі, Шымкент, қылмыстық іс
Тақырып бойынша
Шымкентте түсірілген видео жұрттың жағасын ұстатты - полиция түсініктемесі
Полиция Шымкентте болған қылмысқа қатысты ақпарат жариялады - видео
Шымкентте төрт адамды өлтіріп кетті
"Пакетпен қылқындырған": Шымкентте әлдекімдер екі баланың анасына шабуыл жасады
Шымкентте көшеде екі баланың анасын кім ұрып кеткені белгілі болды
Кісен, архивтегі сурет

Полиция Жамбыл облысында болған жағдайға қатысты түсініктеме берді 

1902
(Жаңартылды 16:42 11.08.2020)
Әлеуметтік желілерде тәртіпсіздіктердің тоқтамай жатқаны туралы хабар тараған болатын. Авторлар оқ атылғанын және адамдардың мектепте тығылуға мәжбүр болғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Жамбыл облыстық полиция департаменті Қасқабұлақ ауылында болған жағдайдың мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тәртіпсіздіктердің тоқтамай жатқаны туралы хабарлама тараған болатын. Авторлар оқ атылғанын және адамдардың мектепте тығылуға мәжбүр болғанын айтты.  

Полицияның мәліметіне сәйкес, 11 тамызда сағат түнгі 01.30-да Талас ауданының полиция бөлімшесіне Қасқабұлақ ауылындағы бұзақылық туралы хабарлама түскен. 

"Полиция қызметкерлері "БМВ-525", "Тойота-Камри" және "ВАЗ-2107" автокөліктерін мінген 14 адамды ізін суытпай ұстады. Ұсталғандар Талас ауданының  полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы ("бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу  амалдары басталды. Сондай-ақ осыған қатысты мән-жай анықталуда", - дейді тәртіп сақшылары. 

Облыстық полиция қазіргі уақытта жағдай тұрақты және басқа да қоғамдық тәртіп бұзушылықтардың тіркелмегенін жеткізді.  

"Полиция департаменті тұрғындардан жалған ақпарат таратпауды сұрайды. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз", - деді полицейлер.

 

1902
Кілт сөздер:
түсініктеме, полиция, Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
Полиция Шымкентте болған қылмысқа қатысты ақпарат жариялады - видео
Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды – полиция түсініктеме берді
"Төрт адам ұсталды": министр Шорнақ ауылындағы тәртіпсіздік жайлы айтты  
Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыстың видеосы жарияланды 
Қордайдағы қақтығыс: Тоқаев маңызды тапсырма берді
Евгений Примаков

Россотрудничество жаңа жобаларды қолға алады Примаков

0
Бұл жоғары оқу орындарында оқуға берілетін квоталар ғана емес, өзге де білім жобалары болатыны айтылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз — Sputnik. Россотрудничество білім саласында жаңа жобаларды қолға алады. Бұл туралы ТМД істері жөніндегі федералды агенттіктің жетекшісі Евгений Примаков айтты.

"Білім саласында тың жобалар болады. Білім халықаралық дамуға қолдау көрсетудің маңызды салаларының бірі. Ресейдің ЖОО-лары беретін білім, әсіресе, ТМД елдерінде бәсекеге қабілетті", - деді ол. 

Оның айтуынша, білім жаңа мүмкіндіктер ашады.

"Көптеген адам үшін шет тілі әлеуметтік және экономикалық мүмкіндік ашатын біліктілік. Бұл дұрыс", - деді Примаков. 

Сондай-ақ, ол алдағы уақытта ресейлік тарап ұсынатын квоталар екі есеге артатынын жеткізді.

0