Археологиялық қазбалар

Батыс Қазақстанда Азамат соғысы кезіндегі жауынгерлердің сүйегі табылды

359
(Жаңартылды 12:36 17.08.2018)
Азамат соғысы кезінде қаза тапқан әскерилердің сүйегі қазақ жерінде бір ғасыр бойы жатқан

ОРАЛ, 16 тамыз – Sputnik. Археологтар Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауылында Азамат соғысы кезінде қаза тапқан үш адамның сүйегін тапты, деп жазады "Мой город" басылымы.

Қаңқалар окоптың ішінде болған, біреуінің жанынан крест табылды. Үш жауынгерді 15 тамызда христиан ғұрпына сай жерлеген.

Жерлеу рәсімі кезінде аза тұту митингісі өтті.

Окоптан оқ-дәріге арналған сөмке, оқ-дәрі және гильзалар, сонымен бірге әскери гимнастерканың қалдықтары, бәкі, керзі етік табылыпты.

Азамат соғысы бұрынғы империясының аумағында Қазан төңкерісі мен билік басына большевиктер келген соң басталды.

359
Кілт сөздер:
адамның сүйегі, қазан төңкерісі, жауынгерлер, азамат соғысы, Орал, Батыс Қазақстан
Тақырып бойынша
Қазақстандық жауынгердің оқиғасы: сегіз ағайындының бірі ғана соғыстан қайтқан
Загрузка...