Жаңбыр, бұршақ

Нөсер жаңбыр мен бұршақ: Солтүстік Қазақстанда күн бұзылады

169
(Жаңартылды 19:39 23.08.2018)
Алдағы күндері Қазақстанның солтүстік өңірінде күн бұзылады

АСТАНА, 19 тамыз — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында алдағы күндері қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі, жел ұйытқиды, деп хабарлады Қазгидромет.

Өңірде 19 тамыз күні кешкісін күн бұзылады. Дабылды ескерту 20 тамызға дейін сақталады.

Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, Петропавл мен Солтүстік Қазақстан облысының қалған бөлігінде жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ түседі, желдің екпіні — 15-20 м/с. Дауылдың ықтималдығы 90-95%.

Бұдан бұрын жаңбыр мен бұршаққа байланысты 19-21 тамыз аралығында Ақмола облысы мен Астанада жарияланған еді.

169
Кілт сөздер:
бұршақ, нөсер жаңбыр, дабылды ескерту, ауа райы болжамы, Петропавл, Солтүстік Қазақстан облысы
Загрузка...