Бұршақ

Ақмола облысында жауған бұршақ егінді жапырып кетті

159
(Жаңартылды 16:25 21.08.2018)
Ақмола облысында бұршақ жасыл желектерді жапырып, электр беру желілерінің сымдарын үзді

АСТАНА, 20 тамыз — Sputnik. Ақмола облысында жексенбі, 19 тамыз күні бұршақ аралас қатты жаңбыр жауды.  

Әлеуметтік желі қолданушылары Аршалы ауданында электр сымдарын үзіп, елді мекендерді жарықсыз қалдырған ірі бұршақтың суретін жариялап жатыр. 

Табиғаттың дүлей күші үй іргесіндегі телімдердегі егінді жапырып кетті. 

Бурабай курортында да найзағай ойнап, нөсер жауын жауды. Өңірде температура +12-ге дейін төмендеді.

Қытайда 100 мыңнан астам адам үйін тастап кетуге мәжбүр болды

Синоптиктер бүгін, 20 тамыз күні табиғат апаты болуы мүмкін екенін ескертеді. 

Көрші Солтүстік Қазақстан облысында да ауа райы бұзылды. Мұнда жексенбіден бері дауылды ескерту жарияланған, жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшейеді деп болжанып отыр.    


159
Кілт сөздер:
табиғат апаты, егін, бұршақ, Бурабай, Ақмола облысы
Тақырып бойынша
Нөсер жаңбыр мен бұршақ: Солтүстік Қазақстанда күн бұзылады
Ауа райы болжамы: қатты жел соғып, бұршақ жауады
Аптап ыстық, бұршақ, дауыл: синоптиктер демалыс күндеріне болжам жасады
Синоптиктер қай өңірде 42 градус ыстық, бұршақ, дауыл болатынын айтты
Загрузка...