Ұстау

Алматыда кісі қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

634
(Жаңартылды 09:23 05.09.2018)
Оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні жедел қызметкерлер бір тәулікке жеткізбей ұстады

АЛМАТЫ, 28 тамыз — Sputnik. Алматыда тамыздың 26-сынан 27-сіне қараған түні ер адамды қағып өлтіріп, оқиға орынан қашып кеткен Lexus жүргізушісін іздеу бөлімінің инспекторлары ұстады.

Қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі түсіндіргендей, қашқын жүргізушіні қалалық магистральдерде орнатылған бақылау камераларының арқасында қолға түсіріпті. Бейнежазбаларды қарап шыққан соң тәртіп сақшылары Lexus маршрутын ғана емес, иесінің мекенжайын да анықтаған.

"Кешке жақын жас жігіт ұсталды", — деп хабарлады жергілікті полиция қызметі іздеу бөлімінің басшысы Ерік Насырбеков.

Қазір Lexus айыппұл тұрағында тұр. Тергеушілер бірнеше сараптама тағайындады. Жүргізушінің мас болған-болмағаны да анықталады.

Әзірге белгілі деректер бойынша, 24 жастағы көлік иесі жүргізуші куәлігінсіз рөлге отырған. Бұрын мас күйінде көлік айдағаны үшін құжатынан айырылыпты.

  • Саин көшесінде жаяу жүргіншіні көлік басып кетті
    Саин көшесінде жаяу жүргіншіні көлік басып кетті
    Sputnik
  • Саин көшесінде жаяу жүргіншіні көлік басып кетті
    Саин көшесінде жаяу жүргіншіні көлік басып кетті
    © Sputnik /
1 / 2
Sputnik
Саин көшесінде жаяу жүргіншіні көлік басып кетті

Қазір кісі қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткені үшін жас жігітке қатысты тергеу амалдары басталды.

Алматыда тамыздың 26-сынан 27-сіне қараған түні Саин және Төле би көшелерінің қиылысында болған. Lexus көлігі 55 жастағы қала тұрғынын қағып, қашып кетті. Ер адам алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше жан тапсырды.

634
Кілт сөздер:
ұсталды, жүргізуші, қашып кетті, кісі қағып өлтіру, жаяу жүргінші, Алматы
Тақырып бойынша
Алматыда кісі қағып өлтірген Lexus жүргізушісін іздеп жатыр
Астанада жүргізуші сот маңында қызды қағып кетті – видео
Полиция көлігі тротуарға шығып, адамдарды басып кетті - видео
Британия парламентінің жанында адамдарды көлік басып кетті – оқиға орнынан видео
Шаңды дауыл

Бұршақ жауады дүйсенбі күні ауа райы қандай болады

1634
(Жаңартылды 20:03 20.09.2020)
Елдің басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонның әсері сезіледі. Жаңбыр мен бұршақ жауатыны хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек  — Sputnik. Қазақстанда 21 қыркүйекте оңтүстікте шаңды дауыл болады, орталықта - дауыл, оңтүстік-шығыста - тұман.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола облысының басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысында да жел күшейеді, екпіні секундына 23-28 метр.

Қарағанды облысында күн күркіреп, жаңбыр мен бұршақ жауады.

Атырау, Павлодар, күндіз Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, Павлодар облысында 23 м/с-ке жетеді.

Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, шаңды дауыл.

Түркістан облысында да шаңды дауыл болады.

Батыс Қазақстан облысында түнде найзағай ойнайды.

Жамбыл облысында тұман, күн күркірейді, жел күшейеді.

Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облысында өрт қаупі жоғары.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада жауын-шашын болады, түнде +8..+10 градус, күндіз +14..+16 градус.

Алматыда күн ашық. Түнде +9..+11, күндіз +24..+26 градус.

Шымкентте 21 қыркүйекте жауын-шашынсыз. Түнде +10..+12 градус, күндіз +25..+27.

1634
Дельтаплан, иллюстративті фото

Маңғыстауда дельтапланмен ұшқан ер адам жартасқа соғылды видео

890
(Жаңартылды 13:05 20.09.2020)
Құтқарушылар альпинистік құрылғылардың көмегімен ер адамды жардан төмен түсіріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстауда дельтапланмен ұшқан ер адам құлап, екі қолын сындырып алды.

Аймақтық инАктау басылымының хабарлауынша, оқиға өткен сенбі күні Шопан ата қорымына жетпей, Қарақия аймағындағы жартастардың бірінде болған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадіровтің айтуынша, төтенше жағдай туралы хабарлама сағат 18:12-де түскен. 

"Дельтапланмен ұшу кезінде 1988 жылы туған ер адам жартасқа соғылып, жарақат алған. Атап айтқанда, екі қолы сынғандықтан, ол оқиға орнынан өздігінен қозғала алмаған. Бізге түскен хабарлама негізінде Жаңаөзен қаласының №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бес құтқарушысы көмекке жұмылдырылды", – деді бөлім басшысының орынбасары.

Құтқарушылар альпинистік құрылғылардың көмегімен ер адамды жартасты қиядан төмен түсіріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Оқи отырыңыз: Орал маңында қолдан жасалған ұшақ құлады – ұшқыш қаза тапты

890
Кілт сөздер:
Маңғыстау облысы, оқиға
Тақырып бойынша
Алматы маңында SCAT ұшағына құс соғылды – оқиғаның мән-жайы
"Қытай ұшағы радиоактивті зат шашып жүр": ақпаратқа түсініктеме берілді
Навальный мінген ұшақ шұғыл түрде Омбыға қонды – оппозиционер комада жатыр
"Ұшақты атқылаған": үш жыл бұрынғы әуе апатына қатысты жаңа дерек шықты
Путинді ақтырналармен бірге ұшуға үйреткен пилот қаза болды
Ұшақ, аспан

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы жанданады

0
Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана жүзеге асырылды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. Ресей өз аумағына Қазақстан азаматтарының кіруіне рұқсат берді. Шектеу коронавирустың таралуына байланысты енгізілген болатын.

"Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Корея елдерінің азаматтарына және осы елдерде тұруға ықтиярхаты барларға Ресейге әуе өткізу пунктері арқылы кіруге рұқсат етіледі. Ресейліктер де бұл елдерге емін-еркін бара алады", - делінген Ресей үкіметінің сайтында жарияланған ақпаратта. 

Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана болды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек еді.

Рейстер аптасына бір рет жүзеге асырылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы 21 қыркүйекте жанданады.

0