Ара

Алматы тұрғыны мысықтардың басын кесіп, видеоүндеу жариялады

614
Ер адам жануарларды қырып тастаған соң, балағат сөздер айтып, қоқан-лоққы жасаған видеосын желіде жариялаған

АЛМАТЫ, 3 қыркүйек — Sputnik. Алматы тұрғыны Роман Чекмарев әлеуметтік желілердің бірінде кесілген мысық бастары және қанға боялған арамен бірге, полицейлер мен жануар қорғаушыларды балағаттап, қоқан-лоққы жасап түсірген видеосын жариялаған.

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялаған видеода Роман Чекмарев Карина есімді қызға мысықтарға неге бұлай жасағанын түсіндіруге тырысып жатыр. Суреттерде мысықтардың басын кесіп тастағаны көрінеді. Онымен қоймай, ер адам полицейлерді балағаттап, қоқан-лоққы көрсетеді.

Қазір ролик желіде жоқ, автордың өзі жазадан қорқып жойған болса керек. Алайда видеода есімі аталған қыз өлген мысықтарды бағып-күтіп жүргендіктен, аяусыз қанаушыны жазаға тартуды көздеп отыр.

"Осы "маньяк"  маған және жануарларыма қоқан-лоққы жасап жүр. Өз парақшасында видеоүндеу жариялап, мысықтарым мен иттерімнің және менің басымды кесіп алатыны туралы мәлімдеген. Осы видеоны көрген жандардан куәгер болуын сұраймын, өйткені бейнежазбаны өзі өшіріп тастапты", — деп жазады Карина Маштакова Facebook парақшасында кесілген мысық бастарының суретін жариялап.

Карина Маштакованың түсіндіруінше, біраз жыл бұрын Роман Чекмаревтің ниетіне байланысты арада кикілжің туындап, енді ол өшін алғысы келіп жүр екен.

Видеоның желіден жойылғанына қарамастан, кей қоғам белсенділері оны көшіріп үлгеріп, полициядан қаныпезер жігітті жазалауды сұрайды.

"Бұл оқиға жануар қорғаушылардың назарына ілікті. Еріктілер Роман Чекмаревтен жауап талап етіп еді, ол тағы да қоқан-лоққымен жасай бастады. ІІМ-нен, бүкіл құқық қорғаушылардан бұл жайтты назардан тыс қалдырмауды сұраймыз. Роман Чекмарев кем дегенде ҚР ҚК 316-бабы "Жануарларға зорлық-зомбылық көрсету" бойынша қатаң жазалануы тиіс", — деп жазды қоғам белсендісі Ислам Угушев Facebook парақшасында.

614
Кілт сөздер:
видео үндеу, мысық, зорлық-зомбылық, Алматы
Тақырып бойынша
Алматы облысындағы жануарлар үйінде аш иттер бір-бірін жеп қойған
Қытай дәмханасында мысықтар кассир болып жұмыс істеп жатыр – видео
Загрузка...